Бірден екі жоғары білім ордасының түлегі атанғыңыз келе ме?

Бірден екі жоғары білім ордасының түлегі атанғыңыз келе ме?

Қашықтықтан оқыту қазірде жастар арасында кеңінен пайдаланылып жүр. Осындай заманауи соңғы технологиялар уақытыңды жоспарлауға, жұмысыңды, оқуыңды, қоғамдық қызмет және жеке шаруаларыңды үйлесімді түрде атқаруға көмегін көп тигізеді.

Коммерциялық жоғары оқу орындары біраздан бері өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңейту, жаңа бағыттар мен білім беру салаларын енгізу, техникалық және ғылыми базасын нығайту арқылы тиісті бағдарламаларын іске асырып келе жатқанын атап өткен орынды. Мемлекеттік университеттер де қосымша кәсіби дайындықты бастап, тестілік жүйемен дистанциялық сервистерді ашу жолымен осы білім беру жүйесін біртіндеп енгізіп келеді.

Қашықтықтан оқыту арқылы кәсіби білім беру қызметтерін ұсынып жатқан жоғары оқу орындарының саны алдағы уақытта тек өсу тенденциясын көрсететіні даусыз. Мәселен, отандық білім беру саласының көшбасшысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қарқынмен өркендеп, инфрақұрылымды дамыту және білім берудің барлық саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қашықтықтан оқыту жүйесін іс-жүзіне белсенді түрде енгізуде.

Жоғары оқу орны білім алушыларға бакалавриат басқышында білім беру бағыттары мен салалары бойынша кең спектрлі қызметті ұсынады. Бұлардың қатарында заң, мемлекеттік және муниципалдық басқару, менеджмент, экономика, журналистика, филология, тарих, туризм салаларын атауға болады.

Озат студенттердің басым бөлігі бакалавр дәрежесін алған соң, қадірлі университетінде қалып, магистратурада оқуын жалғастыруға шешім қабылдайды. Университетте ғылыммен айналысу үшін барлық мүмкіндік жасалған: ЖАК деңгейіндегі «ҚазҰУ хабаршысы» ғылыми журналы жарық көреді, үздік ғылыми-зерттеу жұмыстарының конкурстары өткізіледі, арнаулы ғылыми мектептер қызмет жүргізуде, олардың басшылығында елде, сонымен қатар шетелде де беделді ғалымдар жұмыс істеуде.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерді ауысым тәртібінде қабылдап, орта арнаулы білімді алғаннан кейін жеке оқу жоспары мен алғашқы білім алған мамандығы бойынша оқуын жалғастырып, қос мамандық иесі болуына да жол ашады. ҚазҰУ-да бакалавриат бойынша білім алу төрт жылға жалғасады, бірақ көптеген студент бірден екі жоғары білім алғанды артық санайды. Ал дистанциялық формат уақытын үнемді пайдалана отырып, тиімді білім алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту технологиялары жоғары кәсіби білім беру және кәсіби қайта даярлау саласында да кеңінен қолданыла бастады. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы уақытта елімізде білім берудің дистанциялық форматы білім беру нарығындағы жағдай молая түсетініне сенім мол. 

Жолдаған: Жалғас Иманалиев
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының аға оқытушысы

Cурет: cbsobserver.dk

Е. Жұмабайұлы