Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / Студент қалай тамақтану керек?

Студент қалай тамақтану керек?

Студент қалай тамақтану керек?

Кейбір жандар «студент» дегенде «қарны аш халықты» көз алдына елестетеді. Расында да солай шығар. Шын мәнінде кей студенттердің қарны аш жүретін кездері де жетерлік. Таңғы асты елемей түсте бір-ақ ішіп жүретін студенттер бар. Алайда  денсаулықтың аса маңызды екенін естен шығармағаныңыз дұрыс.

Қазіргі таңда студенттер көбіне тез дайын болатын астар мен фастфудты күнделікті тағамына айналдырып барады. Бұл бір жағынан уақыттың кейде аздығынан болса, бірде қалтаның жұқаруынан келіп туатын амал. Алайда мұндай тағамдардың құнарының мол емес екені анық. Құрамында дәрумендер жоқ десек те болады. Сондықтан тез дайын дайындалатын тағамдар мен фастфудтан аулақ болғаныңыз абзал, Студент!

Ең біріншіден, студент күніне үш немесе төрт мезгіл тамақтану керек. Мезгілсіз тамақтану да асқазанның бұзылуына әкеліп соғады. Түскі асты ішу кезінде еш дүниені назарға алмай, асықпай тамақтанған дұрыс. Бұл да сіздің көңіл-күйіңіздің бірқалыпты болуына әсерін тигізеді.

Күні бойы сергек және шаршамай жүру үшін таңғы асты ішу керек. Күш-қуат, күндегі қимыл үшін аса маңызды екенін бір сәт естен шығармаған дұрыс. Ал студент үшін таңғы асқа түрлі жармаларды жегеннің пайдасы мол. Қарақұмық, күріш, жүгері және тары жармалары денсаулыққа пайдалы. Оларды таңертең асығыс сәтте жылдам дайындауға болады. Құрамында дәрумендер де жетерлік.

Университеттегі сабақтың бос уақытында асқазаныңыз шұрылдаса, йогурт немесе айран ішкеніңіз дұрыс. Сонымен қатар, мүмкіндігіңіз болса бутерброд, алма мен банан жегеніңіз де дұрысырақ.

Үйге немесе жатақханаға оралған соң сорпа ішіңіз. Күніне бір мезгіл ыстық тамақ ішу – күніңіздің «алтын ережесі» болсын. Дәл осы уақытта болмаса да, таңертең не кешкісін ыстық аспен тамақтаныңыз.

Кешкі дастарханыңызда түрлі салаттар мен жеміс-жидектің болғаны дұрыс. Өйткені жатақханада тұратын студенттердің көбі «ауыр» және майлы асты кешкісін ішетіні белгілі. Бұл дегенің асқазанға салмақ түсіреді. Сондықтан да студент, денсаулық – басты байлық екенін естен шығармағаныңыз абзал!

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: ©massaget.kz

Қосылған күні: 04 қыркүйек 2014, 15:00
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2014, 12:17

Нанға майонезді жағып риза боп жүруші ек))

+0
06 қыркүйек 2014, 19:39

Сакен ба тагы :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.