Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / StartUp: 400 мың доллар табыс тапқан 16 жасар қыз

StartUp: 400 мың доллар табыс тапқан 16 жасар қыз

StartUp: 400 мың доллар табыс тапқан 16 жасар қыз

Үш жыл бұрын 16 жасар Англиялық Бо Джессап Special Name атты сервисті іске қосты. Special Name кішкентай балаға оның мінезі мен ерекшелігіне қарай ағылшынша есім таңдап береді.

Джессапқа стартап идеясы Қытайда саяхаттап жүргенде келген. Оған қытайлық әріптесі өз баласына жақсы естілетін, шетелдіктерге айтуға оңай ағылшынша есім таңдап беруін сұрайды. Бо еш қиындықсыз айтып береді. Осылай оның табысты стартабына идея келеді.

Қазір қытайлық балалардың екі есімі бар: бірі – өз есімі, екіншісі – шетелдіктермен араласқанда қолданылатын ағылшынша есімі. Екінші есімді көбіне оқушылардың ұстаздары таңдап береді. Сондықтан кейде Гэндальф, Попкорн сияқты сирек есімдер беріліп жатады.

Бо Джессап Қытай тұрғындарына көмектеспек болып, әкесінен қарызға ақша алып, бағдарлама әзірлейтін адам жалдап, жүйеге балалар кітабынан түрлі адам есімдерін енгізе бастайды. Осылайша Special Name сайты дүниеге келді. Сервис үш минут ішінде баланың сипатына, мінезіне қарай бірсыпыра нұсқа ұсынады. Қолданушы өзіне ұнағанын таңдап алады. Басында Special Name тегін болған, бірақ кейін қызметтің өз бағасы пайда болды.

Image result for Specialname.cn’

Джессап жайлы түрлі БАҚ өкілдері жазып, TEDx сахнасында стартап жайлы баяндап берді.

Сайт қазір де жұмыс істеп тұр, қытайлық балаларға арналған жаңа есімдер енгізіліп жатыр. Бо Табысты үй мен оқуына жинап жатыр екен, ал әкесінен алған ақшасын қайтарғанына біраз болған.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әлібек Оразбай
Фото: news.com.au
Қосылған күні: 05 маусым, 16:13
Тегтер: Стартап, есім,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.