- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ақ шоколад неге...
Ақ шоколад неге шоколад емес?
Өткен жолы бүкіләлемдік шоколад күнінде «тәтті деректер» жазғанда, сүтті ақ шоколад – тіпті де шоколад емес деген едік. Мұның себебі неде? Шоколад деген не?
Шоколад — теобромин мен кофеинге бай шоколад ағашы тұқымдарын, яғни, какао бұршақтарын қайта өңдеу нәтижесінде алынатын какао майы негізіндегі кондитерлік өнім.
Ақ шоколад – қанттың, какао майының, құрғақ сүттің қоспасы. Ақ шоколадқа хош иістендіргіш ретінде ванилин қосылады. Байқап отырғаныңыздай, ақ шоколадқа какао ұнтағы қосылмайды, тек какаоның майы араластырылады. Сол себепті ол шоколад болып есептелмейді.
Ол алғаш ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Еуропаның көптеген елдерінде ақ шоколад жасап шығаруға қатаң талаптар қойылады. Норма бойынша, ақ плитка шоколадта какао майы 20 пайыздан кем болмауы керек, ал құрғақ сүт 14 пайыз, майлы сүт 3,5-4%, қант және басқа да қоспалар 55% құрауы тиіс.
Бірақ какао майы қымбат тұратындықтан көпшілік өндірушілер сутектендірілген өсімдік майын қосудан тайынбайды. Сол себепті ақ шоколад таңдағанда этикетіне жақсылап назар салғаныңыз дұрыс.
@. @assel_assanova