Биткоин немесе сандық ақша деген не?

Биткоин немесе сандық  ақша деген не?
Фото: coinspot.io

Биткоин (bitcoin, btc, бтк, биткойн) – бұл жаңа заманның дамыған үрдісінде пайда болған сандық ақша. Бір сөзбен айтқанда тек қана әлеуметтік желіде жүзеге асатын валюта түрі. Оны адам емес, оны арнайы компьютерлік бағдарлама басқарады. Олар математикалық алгоритм жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Биткоин валютасының ерекшелігі де осында.

Биткоинның дәстүрлі электронды ақшалардан айырмасы қандай? (yandex ақша, webmoney, qiwi)

Биткоин арқылы сіз интернетте барлық нәрсені сатып ала аласыз. Доллар, еуро, рубль валюталары бойынша сауда жасайсыз. Ескерте кету керек биткоинның аталған электронды ақшалардан айырмасы – орталықсыздандырылған. Яғни әлемде ешбір банк бұл жүйені қадағаламайды. Сіздің ақшаңыз өз құзырыңызда қалады.

Биткоинды ойлап тапқан кім?

Бұл сандық ақшаны ойлап тапқан адам өзін Satoshi Nakamoto деп таныстырған. Ол биткоинді электронды ақша төлеу жүйесі ретінде құрастырып, оның негізін математикалық есептеулерге бекіткен. Бұл идеяны ұсынушы Satoshi Nakamoto-дің айтуынша, ешқандай билік, банк сіздің ақшаңызға араласа алмайды.

Биткоинді кім басып шығарады?

Бір қызығы оны ешкім басып шығармайды. Бұл валюта еш жерде басылып шықпайды, ешбір банк шығара алмайды. Себебі ол цифрлық түрде жасалып шығады. Жоғарыда келтіргеніміздей, әлеуметтік желі арқылы пайдаға асады.

Биткоиннің өлшемін миллиардқа жеткізуге бола ма?

Жоқ. Биткоин валютасының құпия терезесінде шектеу бар. Ең көп дегенде 21 миллион биткоин алуға болады.

Биткоин немен қамтамасыз етілген?

Ұлттық валюталар кезінде алтын немесе күміспен қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде жалпы ішкі өнім бойынша қарастырылады. Ал биткоин ешқандай дүниемен қамтамасыз етілмеген. Себебі бұл тұнып тұрған математика.

Кез келген адам компьютер арқылы өз ақшасының орталық банк жүйесі бола алады. Бұл дегеніміз банксіз-ақ ақшаға өзіңіз иелік ете аласыз.

Биткоинмен жұмыс жасау үшін арнайы тіркеуден өтіп, құжаттар апарудың қажеті жоқ. 5 минут уақытыңыз болса болды, сіз бұл жүйемен жұмыс істей бересіз. 

М. Ақан