Сіз білмейтін мысық түрлері

Сіз білмейтін мысық түрлері

Мысықтар – ең сүйікті үй жануарларының бірі. Оларды қолда ұстап, ермек ету көптеген адамның арманы. Алайда, бұл жануарлардың да өзіндік түрлері мен оғаш қылықтары да жетіп артылады. Бірі қожайынына ұзақ уақыттан кейін үйренсе, енді бірі кекшіл болады. Сонымен әртүрлі мысықтың қанадай мінезі мен қызықтары бар екендігін тізімдеп көрейік. 

Экзотикалық мысық. Қожайынының қолынан түспейтін, әрқашан тыныш әрі жұмсақ жүнді мысықтың түрі. Бұл жануар өзіне бірден барлық адамды жақын тартып тез арада ойнап кетпейді. Тіпті қожайынының өзін ұзақ уақыт бақылап, өзі сенімді болғаннан кейін барып ойнай бастайды. Сіз мысықтың бұл түрін таңдағаныңызбен, ол да сізді ұзақ уақыт назарда ұстайды.

Британдық ұзын жүнді мысықтар балалар үшін ең жақсы жануар болып есептелінеді. Сәбилер мұндай үрпек жүнді мысықтарды қатты жақсы көреді. Себебі оларды ойыншық ретінде пайдаланады. Олардың сабыры мен жақсы мінезі қожайындарына бірден ұнай кетеді. Мұндай мысықтар тіпті итпен де және өзге жануарлармен де жылдам тіл табысып кетеді.

Абиссиндік мысықтың түрі экзотикалық жануарға қарағанда жылдам. Тез қимылдайтын қылықтары кейде көз ілестірмейді. Олар барлық жерге бас сұғып көргісі келеді. Егер кішкентайынан жақсылап үйретсе, иттер секілді ойыншықтарды да әкеліп беруге дағдылауға болады. Сонымен қатар иесімен бірге барлық істе бірге жүреді. 

Орыстың көк түсті мысығы ойынды жақсы көреді. Сол секілді қожайынының қандай іспен айналысып жатқандығын жете назарда ұстайды. Иесі күнделікті құшақтап сипаламаса да оларға деген сенімі жоғалмайды. Бөтен адамдардан сақ болуға тырысады. Егер сенімді болса оған да барынша жақсылық жасауға тырысады. 

Сиам мысықтарының мінезі өте ерекше. Адамдардың қасына барып сипалауына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар ойнағанда жақсы көреді. Егер бұл жануарларға біреу тиісетін болса, келесі бір келгенше кек сақтап қалады. Тіпті шабуыл жасауға дейін барады. Сонымен қатар өздеріне үй ішінен бір ғана қожайынды таңдайды. Егер мұндай мысықты кішкентай сәбиіңізге алсаңыз, балаңыздың сиам мысығына көп көңіл бөлуіне жағдай жасаңыз. Сондай-ақ өзінің таңдап алған қожайынын өмірінің соңына дейін қорғап өтуге әзір.

Сомали мысығы ойнағанды қатты жақсы көреді. Тіпті жаңадан көрген адам да жылы қабақ танытса, оған жақындап, тез арада бауыр басып кетеді. Сонымен қатар бұл мысықтар дресировкаға да өте ыңғайлы. Энергиясы бойында тасып тұрған жануар сыртқы ортаның махаббатын көбірек сезінгенді жақсы көреді. 

Саванна мысығы өте ақылды. Сонымен қатар ойлау қабілеті өте жоғары. Көлікпен серуендегенді немесе саябақтарда демалып жүргенді жақсы көреді. Мысықтың бұл түрі де иттермен немесе өзге жануарлармен тез арада тіл табысып кетеді. Бүгінгі таңда мұндай жануарлар Біріккен Араб Әмірлігінде көптеп кездеседі. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
ІІ тоқсаннан бастап 300-ге дейін оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматқа ауысады
Қазақстандағы оркестр түрлері
Қазақстандағы оркестр түрлері
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
АҚШ-та дәмі табиғи балға ұқсас жасанды бал шығарылды
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
"Алматы марафонының" жаңа жүгірісі – "Жарыс қаһарманы"
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Шұжықтың адам денсаулығына зияны айтылды
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері
Қазақстанда жиі кездесетін интернет-алаяқтық түрлері