Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Жер бетінде динозаврлардың қанша түрі болған?

Жер бетінде динозаврлардың қанша түрі болған?

Жер бетінде динозаврлардың қанша түрі болған?

Барлығымыз жер бетінде динозаврлар дәуірі болғанын жақсы білеміз. Неге екені белгісіз, әйтеуір, динозаврлар туралы көп білгенді, олардың жаратылысы, жойылысы туралы ақпарат алуға құштармыз. Тылсымға қызығушылық адамзат ақылының айналаны тануға деген махаббатынан болса керек. «Айды ерттеп мінсе де» қызығушылығында қанағат жоқ.

Осыдан 225 миллион жыл бұрын бүкіл жер шарын жалғыз өзі мекендеген бұл мақұлықтардың ғылыми мәселесі таусылар емес. Динозаврлардың қалай пайда болғанын, не себепті жойылып кеткенін, қандай түрлері, нақты қанша түрі болғанын ғылыми айналым қорытып шығара алмай отыр. Тіпті, палеонтолог ғалымдардың өздері де бұл тақырыпқа пікірталастыруды, дау туғызуды жақсы көреді. Аталмыш кесірткелердің нақты санын, түрін тәжірибеде санап шығу мүлдем мүмкін емес. Дегенмен, тырысып көруге болады...

Әрбір 10 күн сайын ғылымда жаңа динозавр түрі «пайда болып жатады». Яғни, жылына орта есеппен 31 жаңа динозаврдың түр сипаты суреттеледі. Осы уақытқа дейін 700-800 динозаврдың түрі суреттеліп бекітілген.  Алайда алдағы уақытта бұл цифрлардың қатарына тағы бір «нөлдік» қосылып, саны 1000-ға жетуі мүмкін. Неге динозаврдың түрі көп? Әрі жер бетінде неге дәл осы биологиялық әулеттің ғана өкілі 160 миллион жыл бойы өктемдік қылған?

Ең алдымен, жер бетінде динозаврлардың қанша түрі өмір сүруі мүмкін деген сұраққа жауап тауып алайық. Динозавр түрлерін анықтаудағы зерттеулердің бірі аймақ тиімділігін пайдалану идеясы жатады, ол бойынша Жер шарының зерттеуге алынып отырған кішкене бір аймағында ғана қаншалықты динозавр түрі тіршілік ете алатынын экстраполяциялау тәсілі арқылы есептеп шығады. Сол арқылы жалпы жер бетінде қанша динозавр өмір сүре алатындығын анықтауға болады. Бұл есептеулер осыдан 66 миллион жыл бұрын жер бетінде 600-ден бастап 1000-ға дейін динозавр түрі өмір сүргенін анықтап берген. Қазіргі таңда бұл есептеу ең тиімді жорамал жолы болып отыр.

Дегенмен аталған есептеу тек белгілі бір уақыт мезетіндегі динозавр түрлерін ғана анықтап бере алады. Ал динозаврлар – 166 миллион жыл бойы тіршілік құрған алып фауна жүйесі. Сонда да тез әрі тұрпайы есептеулерді пайдалана отырып, белгілі бір миллион жылдықта 1000 динозавр түрі өмір сүрді деп алып, жер бетінде барлығы шамамен 160 000 түрлі динозавр тіршілік етіп үлгерген десек болады.

Бұл, әрине, өте қарапайым да қарабайыр есептеу. Есептеудің көптеген ақаулары бар, мәселен, биологиялық түрдің физиологиялық қабілеті мен эволюциялық, сұрыпталу заңдылықтарға бейімділігі, дәуірлердің климаттық өзгерістері тәрізді үлкен факторларды есепке алмау. Егер белгілі бір дәуір мезетінде ең аз дегенде 500 түр өмір сүрді деп әрі уақыт шеңберін 2 миллион жылдық шамамен алсақ, онда жер бетінде тек 50 000 динозавр түрі тіршілік кешкен деуге негіз бар. Екінші жағынан алып қарасақ, мезозой дәуірінде климат жылы, қолайлы болғанын ескерсек, онда тіршілік иелері де көбейетінін кез келген биология ғылымы дәлелдеп бере алады. Мұндайда белгілі бір дәуір мезетінде 2000 түр тіршілік етті деп, ал уақыт шеңберін жарты миллион шамасымен алсақ, онда жер бетінде бүкіл уақыт бойы 500 000 динозавр түрі жайлаған десек болады. Қандай ірі сандар екенін байқап тұрсыз ба?..

Сонымен, қарапайым есебіміздің қорытындысы бойынша, жер бетінде барлығы 50 000 – 500 000 динозавр түрі өмір сүрген деген нәтиже шығарсақ болады.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Марғұлан Ақан
Фото: Обои для рабочего стола
Қосылған күні: 21 желтоқсан 2016, 08:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->