Шоколад атауларының мағынасы #2

Шоколад атауларының мағынасы #2
Фото: vk.com

Кейде есімізге қызық атау түссе, бірден бұл қайдан шықты екен деген ойға келеміз. Шет тіліндегі сөз болса, қазақша баламасын іздейміз. Басқа болса, не себеппен олай аталғаны қызықтыра түседі. Компания басшыларының креативті идеясынан шабыт аламыз. Ал шоколад атаулары қалай қойылды?

БАСЫ

Albeni шоколады түріктің атақты Ulker компаниясынан шығады. Сөзбе-сөз аударғанда, «Ал мені» дегендей болады, мағынасы – таңғажайып, тартымды деген сөздермен астасады.

Alpen Gold – Ресейден шығатын кірпіш шоколадтың үздігі. Атауы Алпі алтыны деген мағына береді. Бірақ Альпі тау жоталарына еш қатысы жоқ. Тек зауыттары Шығыс Еуропада орналасқан.

Mars шоколады америкалық кәсіпкер Форрест Марс атымен аталған. Шоколадпен аттас компания Milky Way, Snickers, Bounty, Twix, M&M's тәттілерімен де танымал.

Milky Way сөзі ағылшын тілінен аударғанда «(Сүттей) Ақ жол» деген мәнге ие.

Snickers – қазақша баламасы «күлдіру», «қуанту» немесе «кроссовка». Бұл компания негізін салушы Форрест әулетінің сүйікті тұлпары атауының құрметіне қойылған.

Bounty шоколады. Жаңа Зеландияның шығысында орналасқан тропикалық арал осылай аталады. «Bounty» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жомарттық», «кеңпейілділік» деген мағына береді.

Twix шоколады ішінде екеуі тұратынын білеміз. Бұл атау «twin» (қос, егіз) және «biscuits» (печенье) сөздерінен құралған.

M&M's түрлі-түсті кәмпиттер шыққалы бірнеше өзгеріске ұшырады. Жасап шығарған қос тұлға Mars & Murrie’s (Марс және Мьюрри) есімдерінің алғашқы әрпіне қойылған.

@. @assel_assanova