Рим сандары латын әліпбиінен шықпаған

Рим сандары латын әліпбиінен шықпаған
Фото: forwallpaper.com

Рим сандары әріптермен белгіленеді деп ойлайтын боларсыздар. Қателеседі екенбіз, рим сандары әріптермен емес, символдармен белгіленген, олар бастапқы белгіленуінен уақыт өте келе осындай қалыпқа түскен. Мәселен, бес саны (V) ағылшын әліпбиіндегі V – ви дыбысы емес. 

Бір саны (римше І) unus  саусақ деген мағынаны білдіреді. Екі, үш сандары саусақ сандарымен (ІІ, ІІІ) көбейтіле береді. Ал төрт саны кезінде IIII деп белгіленген, кейін заман өткен сайын бес санының алдындағы бірлік деген мағына білдіретіндей етіп IV мынадай қалыпқа түскен.

Ал бес саны алақанды ашып тұрғандағы саусақ санын көрсетеді. Бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы ✓ секілді көрінген соң, V деп белгіленген. Алты, жеті, сегіз сандары VI, VII, VIII деп белгіленген. Ал Х саны екі алақанның түйіскені яғни 5+5 деген мағына береді екен. Ал тоғыз деген 10-1=9 немесе онның алдындағы сан деген мағына береді.

Он, жиырма, отыз сандары Х белгісімен бейнеленеді. Ал қырық саны өзгеше жазылады. Ол да төрт саны секілді елудің алдындағы деген мағынаны білдіріп, ХL деп белгіленеді. Ал L деген жүздің жартысы. Анығырақ тарқатсақ, негізінде жүз саны С әріпінің бұрышты үлгісі, яғни [ белгісімен берілген. Ал қазір жүз С деп белгіленеді. Демек, жүздің жартысы L белгісімен белгіленетін болған. Алпыс саны елі мен онның қосындысы ретінде жазылған, яғни, LХ. Жетпіс, сексен де осы тәрізді жазылған. Ал тоқсан 100-10=90 формасын беретін мағынамен немесе жүзден бір ондық кем деген мәнмен белгіленген: ХС. 

Кейбір сағаттарда 4 саны IIII деп белгіленеді

Екі жүз, үш жүз сандары С белгісімен жазылады. Ал төрт жүздің қалай жазылатынын білу үшін алдымен мың санының сырын ашайық. Мың санын римдіктер CIƆ деп белгілеген, уақыт өте былай жазған ↀ (кейін жүз саны M деп өзгерген). Осы мың санының жартысы бес жүзді IƆ былай жазған, кейін оны латынның D әріпіне ұқсатып жазған. Төрт жүз сандары алдыңғы төрт, қырық сандары секілді жүздікке шегеріп отырады. Яғни, 500-100=400 немесе без жүздік алдындағы жүздік төртжүз деп, СD жазылған. Ал алты жүз, жеті жүз, сегзі жүз сандары сәйкесінше DС, DСС, DССС деп жазылған. Ал тоғыз жүз саны тоғыз, тоқсан сандары тәрізді мыңның алдындағы жүздік ретінде жазылған: 1000-100=900, яғни СМ деп белгіленген. 

Олай болса, мына сандардың сырын ашып көрейік: 

XCIV, MDCXII, CCCXCIII, CCCXCIII, DCCCXXXV , MMDXLVII

Г. Берік