Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Сирек кездесетін мамандықтар

Сирек кездесетін мамандықтар

Сирек кездесетін мамандықтар

Дәрігерлер, IT-мамандары мен құрылысшылар. Ресейлік басылымның зерттеуі бойынша  әлемде халықтың сұранысын тудырып отырған мамандықтар – осылар. Ал, әлемде ең сирек кездесетін және қызықты саналатын кәсіптер туралы естуіңіз бар ма?

Бесінші орын – доп жинаушы. Гольф пен теннис ең көп тараған спорт түрі десе де болады. Ал, ойын барысында доптардың жоғалып кетпеуін қадағалап, оларды жинап отыратын жандар да бар және допты әкеліп беру де солардың мойнында.

Төртінші орын – құмырсқа аулаушы. Олар құмырсқаларды жинап, арнайы орталыққа тапсырады. Ал, орталық оларды өсіріп, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.

Үшінші орын – пингвиндерді көтеруші. Антарктидада мекен ететін бұл құстар аспаннан ұшақ көрсе, мойындарын созып қарайды екен. Мойындарын созған соң, шалқасынан құлап түседі. Ал, олар арқасымен құлаған жағдайда өздігінен қайта тұра алмайды. Міне, құстарға көмекші жандар оларды қайта тұрғызады.

Екінші орын – тыңдаушының жұмысы. Оның міндеті – кез келген жанды мұқият тыңдап, оның қуанышы мен қайғысына ортақтасу. Сөйлеушінің әр қалжыңына күліп, әр ойымен келісіп, басын изеп отыру. Бір қызығы, бүгінде Токио көшелерінде осы кәсіппен айналысатындар саны артып келеді.

Бірінші орын – ит секілді үретін жандар. Швейцарияда ит сатып алсаңыз, мемлекетке салық төлеу міндеттелген.  Кейбір жандар ит сатып алады да, ақша төлеуден бас тартады. Осы кезде көмекке келетін иттің дауысын салып, үре білетін жандар. Олар үрген кезде үйдегі ит «жауап» береді. Осылайша, қай үйде ит бар екені анықталады. Егер оның жүйеге тіркелмегендігі анықталса, қожайын айыппұл төлеуге міндетті.

Дереккөз: kaztv.kaztrk.kz

Фото: skolkoletet.ru
Қосылған күні: 02 желтоқсан 2018, 12:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.