Маса кімдерді жиі шағады?

Маса кімдерді жиі шағады?
Фото: football

Америка ғалымдарының масаларға жасаған зерттеуінде қансорғыш жәндіктердің томпақ адамдарды көбірек шағатыны белгілі болған. Зерттеу нәтижесінде қансорғыш жәндіктердің бойында холестерин, сүт қышқылы көп, томпақ адамдарға қызығатыны анықталды.

Зерттеуге дене бітімі әртүрлі адамдар қатысып, белгілі бір уақытқа дейін тексерілген. Олардың 20 пайызынан астамын маса шаққан. Нәтижесінде маса адамның иіссуына немесе қанының тәттілігіне қызықпайтын болып шықты. Маса алып денелі, бойында артық салмағы бар адамдарды таңдайды екен. 

Одан кейін масалар спортпен айналысатын адамдарды көбірек шаққан. Өйткені олар үнемі қозғалыста жүретіндіктен, қандары таза болады әрі сүт қышқылын көп бөледі.  

С. Ерсін