- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ақ аю туралы...
Ақ аю туралы қызықты деректер
Ақ аю Арктика мен Солтүстік мұзды мұхит территориясында тіршілік етеді. Осыдан 5 миллион жыл бұрын қоңыр аюдан бөлініп шыққан ақ аюлар бүгінде қақаған суыққа жақсы бейімделген. Біз білетін ақ аюдың ғылымдағы атауы – Ursus maritimus.
Аю – жер бетінде өмір сүретін сүтқоректілердің ішіндегі мұзды суға бейімделген жалғыз жануар.
Ақ аюлар баласын дүние алып келетін кезеңде 1 айға дейін ешнәрсе жемей шыдай алады. Мұндай кезеңде аюлар тері астында жиналған май есебінен қуат алады. Тері астындағы май қабаты 10 сантиметрге дейін жетіп, аюдың ішкі жылуын өзінде сақтауға көмектеседі.
Аю терісінің астында жиналған майдың 35,8%-ы баласына беретін сүтке жұмсалады. Ал әйелдің ана сүтінде бұл көрсеткіш небәрі 5%-ды құрайды екен.
Ұйқыдан оянған аю бір мезгілде 97-ден 505 кг-ға дейін толығады.
Ересек аюдың асқазаны 68 кг-ға дейін азықты бір уақытта қорыта алады. Ал тым ашыққан кезде, салмағы 600 кг тартатын моржды өлтіруге қауқары жетеді.
Әрбір ақ аю жылына 60 итбалық жейді. Ересек аю үлкен итбалықты бір отырыста жеп қоя алады.
Әлемдегі ең үлкен ақ аюдың салмағы 1002 кг болған. Оның қаңқасы Аляска астанасы (АҚШ) Анкордждегі әуежайда сақталады. Бойы 3,4 метрді құраған алып аю қаңқасының көмегімен мүсін жасалып, әуежайдың орталық терминалына орнатылған.
Ақ аю судан екі метр биіктікке дейін секіре алады. Бұл үдерісте аюға артқы екі аяғы тірек болады. Олар ит секілді жүзеді.
Соңғы 100 жылда ақ аю көлемі орташа есеппен 5%-ға азайған. Ғалымдардың айтуынша, бұған Арктикадағы мұзды өлкенің еруі әсер еткен. Себебі климаттық өзгерістер аю иммунитетінің төмендеуіне алып келеді.
Ж. Өрісбай