Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Әлемдегі ең ұзын өзен Ніл болмай шықты

Әлемдегі ең ұзын өзен Ніл болмай шықты

Әлемдегі ең ұзын өзен Ніл болмай шықты

Ғалымдар ең ұзын өзен статусына қатысты бүгінде әртүрлі пікір айтып жүр. Олардың бір тобы Африка құрлығындағы Нілді ең ұзын десе, тағы бір тобы әлемдегі ең ұзын өзен Амазонка екенін алға тартады. Риторикалық сұрақтың соңғы жауабын анықтау үшін өткен ғасырда өлшеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде ең ұзын өзен Оңтүстік Американың солтүстігімен ағып өтетін Амазонка екені белгілі болды.

Ніл өзені Бурунди елінен бастау алып, Жерорта теңізіне құяды. Оның жалпы ұзындығы – 6671 шақырым. Әлемдегі ең үлкен шөл Сахараны кесіп өтетін өзен теңізге жеткен жерінде ені 250 шақырымды қамтитын атырау қалыптастырған. Атырауда Александрия қаласы бой көтерді.

Африканың климаты құрғақ әрі ыстық болғандықтан, солтүстік-шығыс аймақтағы елдер үшін Ніл өзені негізгі су ресурсына айналған. Әлемдегі ең көне Мысыр өркениеті де осы өзеннің бойында дамыған.

Ніл атырауының ғарыштан түсірілген көрінісі

Сахара аймағында Нілдің басқа арналары болмағандықтан, өзен суы жаз айларында да мол болып ағады. Ал Ніл бойында құрылған «Асуан» су электр станциясы Египетте қолданылатын энергияның жартысын қамтамасыз етеді. Нілдің Египеттен бөлек, Судан еліне де пайдасы мол. Екі ел арасында суару кезеңі басталған кезде өзен суын тармақтау мәселесіне қатысты дау туындап та жатады.

 
Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: wwf.panda.org
Қосылған күні: 10 шілде 2015, 19:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.