- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Ғалымдар пілге ұзын...
Ғалымдар пілге ұзын тұмсықтың не үшін керектігін анықтады
Acta Zoologica журналында жарияланған зерттеу жұмыстарының нәтижесі көрсеткендей, егер пілдердің тұмсығы ұзын болмағанда олар өз денелеріне лайықты мөлшерде азық жей алмас еді, - жазады baq.kz.
Тұмсықтарының көмегімен алып жануарлар құнарлы және жұмсақ өсімдіктерді қиналмастан жұлып жейді.
Ғалымдардың айтуынша, пілдердің ауыз қуысы мен бас сүйегі өзге жануарлардікі секілді емес, олар еңкейіп жерде өсіп тұрған шөпті аузымен жұлып жей алмайды. Пілге тұмсық сол үшін керек дейді зерттеу жүргізген мамандар.
Айта кетейік, пілдер Жер бетінде өмір сүретін ең үлкен жануарлар. Олар бір күнде жүздеген килограмм жапырақ пен шөп жейді.
сурет: lookw.ru