- Негізгі бет
- Ол кім? Бұл не?
- Болашақта уақыт жоғалады...
Болашақта уақыт жоғалады
Испаниялық ғалымдар болашақта уақыт мүлде жойылуы мүмкін деді. Бұл туралы bnews.kz жазды.
Мұндай ақпаратпен Хосе Сеньовилла, Марк Марс пен Рауль Вера атты ғалымдар бөлісіп отыр.
Олардың бұл идеясын негізсіз деп айтуға да болмайды, себебі уақыт жылдамдығының бәсеңдеп бара жатқаны баршаға аян дүние, алайда уақыттың мүлде тоқтайтыны туралы күні бүгінге дейін ешкім мәлімдеп көрмепті.
Бұл теорияны шындыққа жанастырып тұрған уақыттың бәсеңдеуі ғана емес. Кэмбридж университетінің космологі Гэри Гиббонс те уақыт тығырыққа таяп қалды дегенге қосылатын тәрізді. Себебі, оның айтуынша, уақыттың өзі Үлкен жарылыс салдарына пайда болған, яғни сол уақыттан бері кері құбылыстың орын алуы ғажап емес, деп жазады Planet Today порталы.
«Уақыт жойылады» деген тұжырымның қаншалықты «қорқынышты» естілгеніне қарамастан, ғалымдар адамзатты қатты алаңдамауға шақырады. Себебі, бұл құбылыс бірнеше миллиардтаған жылдардан соң болатын көрінеді. Ол кезде, ғалымдардың айтуынша, адамзат та, Жер шары да болмайды.
сурет: goodfon.su
Е. Қайрахан