Эму түйеқұсы туралы не білеміз?

Эму түйеқұсы туралы не білеміз?

Эму түйеқұсы – Аустралияда ғана кездесетін, қазуартәрізділер отрядына жататын, ұшпайтын құс. Бұл ғажайып құс Аустралияның мемлекеттік нышаны саналады. Яғни, оның бейнесі елтаңбада кенгурумен бірге кестеленген.

Эму – желяақ құс, ол мықты әрі ұзын аяқтарының арқасында сағатына 50 шақырым қашықтыққа жүгіре алады. Алайда оның қанаттары басқа құстардай толық дамымаған. Ал салмағы жөнінен африка түйеқұсынан кейін әлемде екінші орын алады. Бұл құстың бойы 2 метр, салмағы 60 келі тартады. Эму жақсы жүзе алады және бір соққымен өзінің жауын оңай өлтіре алады.

3-5 Эму түйеқұсы топ болып, бірге өмір сүреді. Алайда екеу болып өмір сүретін де эмулар кездеседі. Еркек эму өз ұясын асқан жауапкершілікпен қорғап, балапан басып шығаруда үлкен қызмет атқарады. 2 айдан соң балапандар жұмыртқаны жарып шыққанда, оларды күзетіп, қалай тамақ тауып жеу керек екенін үйретеді.

Эмудың еті тәтті болғандықтан, аңшылар бұл құсты аулауға құмар болып келеді. Сонымен қатар, бұл құстар жылдың қай мезгілінде де егістікті жайпап кетеді. Сондықтан фермерлер жыл сайын мыңдаған эмуды аяусыз қырады. Эмудың еті және төсіндегі майы денсаулыққа аса пайдалы.

Сурет: anaustralianodyssey.wordpress.com, abali.ru, speakupforthevoiceless.org

Ж. Исакаев