Сегізаяқ сіз ойлағаннан да ақылды

Сегізаяқ сіз ойлағаннан да ақылды

Адам баласының ғаламшарымыздағы ең ақылды тіршілік иесі екені белгілі. Сонымен қатар, табиғатынан өте ақылды келетін жануарлар да бар. Бірақ су ұлуларының логикалық шешімдерді жасай алу мүмкіндігі ешкімнің де ойына келмейтін болар. Төмендегі видео біздің судағы тіршілік иелеріне қатысты ойымызды өзгерте алады.

Сегізаяқ омыртқасыз жануарлардың ішіндегі ең ақылдысы болып келеді. Оның миы өте кішкене болғанымен, ойлау қабілеті жақсы дамыған. Видеода сегізаяқ адамның жасаған әрекетін қайталап, жабық ыдыстан шығады. Оның санасы белгілі бір алгоритмге ие қимылды жасауға барған. Расында, ақылды сегізаяқ.

Сурет: www.liveinternet.ru

Ж. Өрісбай