Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Неге көліктің қуатын ат күшімен өлшейді?

Неге көліктің қуатын ат күшімен өлшейді?

Неге көліктің қуатын ат күшімен өлшейді?

Ат күші – бұл бір секундта 30,48 см биіктікке 247,5 келі салмақты көтеру энергиясы. XIX ғасырдың соңында шотланд инженері Джеймс Уатт (1736—1819) өзі құрастырған бу қозғалтқышындағы су айналымының қуатын өлшеуге ат күшін алады. Себебі қозғалтқышқа дейін су тарту жұмыстарында жылқылар пайланылатын болған.

Джеймс ат күшін анықтау мақсатында бірнеше жылқыны тәжірибеден өткізеді. Сонымен орта қуатты жылқы мүмкіндігінше бір минутта 67,5 келіні 66,7 метрге жеткізе алыпты. Осылай бір аттың күші секундына 745,2 джоуль есебіне теңестіріледі.

"Ат күші" термині автомобильдер өндірісі қолға алынғаннан бері ара-тұра қолданыла бастаған. Қазіргі кезде де көлік немесе авиация қозғалтқыштарының қуатын анықтау үшін қолданылып келеді. Орта қуатты көліктің қозғалтқышы сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жетуі үшін кем дегенде 20 ат күшіне ие болуы керек.

"Даймлер-Бенц" көлігі

Көлік өндірісі ілгерілеп дами бастаған кезде, алғашқы толыққанды жұмыс істейтін бензинді қозғалтқышты Карл Бенц пен Готтлиб Даймлер ойлап табады. Өздерінің атсыз жүретін арбасын құрастырғаннан кейін Бенц пен Даймлер екі бөлек жұмыс істей бастайды. Екеуі де іштен жанғыш қозғалқыштарды ары қарай дамытып, көлемін де біршама кішірейте алды.

Бенц өзінің үш дөңгелекті көлігін 1885 жылы, ал Даймлер төрт дөңгелекті көлігін 1887 жылы шығарады. Дегенмен олар алғашқыда ат күшімен өлшенбеді. Себебі бу қозғалқышының технологиясы екі неміс өтертапқышының жасаған құрылымынан мүлде өзгеше болатын. Дегенмен, бұған дейін 1826 жылы лондондық Самуэл Браун бензин қозғалтқышына шамалас болатын құрылғымен жүретін көлікті шығарып, оның қуатын 4 ат күшіне теңеген. Одан кейін де аталған термин біршама ұмытылып, қолданыстан шығып қалады.

Lamborghini Aventador LP1600-4 Mansory Carbonado GT - 1600 ат күшіне ие әлемдегі ең қуатты көлік

Бірақ не болғанмен алғашқы қозғалтқышты құрастырушылардың идеясы кейін қолдауға ие болып, "ат күші" көлік қуатының бір өлшемі ретінде тіркеледі.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Қосылған күні: 01 мамыр, 21:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.