Ай-ай жануарын білесіз бе?

Ай-ай жануарын білесіз бе?

Ай-ай лемуры сүтқоректілердің класындағы жартылай маймыл кейіпті жануарлардың түріне жатады және тек Мадагаскар аралында ғана өмір сүреді. Аталған лемурдың түрі азығын табу үшін тек түнде ғана ұясынан шығады екен.

Мадагаскар лемуры – Малагаси туристеріне күлкілі көрінгенімен, жергілікті тұрғындардың шырқын бұзатын жануар. Мадагаскар аралының көне тұрғындары аталған жануарды "адам өлімін болжаушы" деп білген. Оның бір саусағы басқаларына қарағанда біршама ұзындау келеді. Ай-ай ұзын саусағының көмегімен ағаштың бос қуыстарынан азығын тауып жейді.

Маймыл тектес жануарларды зерттеумен айналысқан француз зерттеушісі Пьер Соннер аталған лемурдың түрін 1780 жылы Мадагаскардың батыс бөлігінде анықтаған болатын. Бір қызығы ғалымдар орынсыз орналасқан тістеріне қарап атын «Ай-ай» деп қойыпты. Пьер Соннер басында ай-айды көміргіштер тобына жатқызады. Кейіннен толық зерттеу нәтижесі оны лемурдың бір түрі деп тапты. 

Оның бойы тік, ұзындығы 44 см-ге дейін болады. Кеміргіштер секілді терімен қапталған, ұзын құйрығы 60 см-ден асады екен.

Сурет: eco-turizm.net

Ж. Өрісбай