Жан-жануарлар туралы қызықты жиырма дерек #2

Жан-жануарлар туралы қызықты жиырма дерек #2

Алдыңғы материалда адамзат танып тауыса алмай келе жатқан табиғаттың таңғажайып  көріністерін ұсынып едік. Планета кереметтерінің жалғасы ретінде тылсым тұстарынан үзік сыр шертеміз. Ақазу акуланың қаңқасы салмақ үлесінің қанша бөлігін құрайды, құмырсқаның ұйқысы туралы, масалар қандай өңді адамдарды шағуға әуес... т.б. қызықты мәліметтермен бөліселік. 

1. Альбатрос сағатына қырық километр жылдамдықпен ұшып жүріп ұйықтай алатын ерекше қасиет иесі.

2. Алып арктикалық медузаның қармауыштары 36 метрге дейін жетеді екен.

3. Көбелек құртының басында 248 бұлшық ет бар.

4. Көбелектер қоректерін аяқтары арқылы алып, қоректенеді.                                                           

5. Егер арыстан мен ақ аю арпалысса, ақ аю жеңеді.

6. Егер ұлу көзінен айырылса, айға жетпейтін аралықта көзі қайта пайда болады.             

7. Жыландар көздерін жұмбайды. Себебі, бізге көрінбейтін мөлдір қабақтарын жұмады.

8. Ең ақылды ит – бордер-колли тұқымдысы. 

9. Ал «ақылды емес» ит тұқымына ауған жүйрігі жатады.         

10. Акуланың қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен тұрады, ол оның салмағының 60%-ын құрайды.

11. Алып кальмардың көзі баскетбол добының көлеміндей. 

12. Әлемдегі ең мықты жәндік – саратан (мүйізтұмсық қоңызы). Ол өзінен 850 килограмм артық жүк көтере алады.  

13. Жараланған немесе қорыққан опуссум өлі бейнеге ауыса алатын хамелондық қасиетке ие. Ол бұл бейнеге – көздерінің нұры кетіп, ауыздарынан көбік ағып, жағымсыз иіс шығарып, демін үзу арқылы енеді. Қорқыныш сейілген соң, қайта тіріледі.

14. Тек қана сарқан балығының сүйегі  жасыл  түсті болады.    

15. Масалар ересектерден гөрі балаларды, қараторылардан гөрі аққұба өңділерді шаққанды және көк түсті ұнатады.

16. Бұқалар түс ажырата алмайды.

17. Құмырсқалар ұйықтамайды.

18. Аналық бал арасы жаңа аналық жұмыртқаларын бірден алып қояды. Жаңа туған аналықтың өмірге келгендегі алғашқы әрекеті – қалған «әпкелерін» өзі патшалық ету үшін өлтіреді.                                

19. Сүтқоректілердің қанының түсі – қызыл, жәндіктерде – сары, ал омар шаяндарында – көк болады екен.    

20. Ал қызықты деректерімізді қорытындылайтын жануардың түрі – Окапи. Ол керікке де, зебраға да ұқсайды.

Cурет: dreamwidth.org, writingisfun-damental.com, bankoboev.ru, galleryhip.com, blogs.ucl.ac.uk, fr.flash-screen.com, digital-images.net.

Е. Жұмабайұлы