Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Ол кім? Бұл не? / Тылсым оқиға: Сары шашты әйел кім?..

Тылсым оқиға: Сары шашты әйел кім?..

Тылсым оқиға: Сары шашты әйел кім?..

Жатақханада бірге тұратын Гүлжан құрбым екеуміз қалың ұйқыда жатқан едік. Бірге тұратын үшінші қыз сол күні әпкесінің үйіне қонуға кеткен. Кенет түн ортасы ауғанда шаңқылдаған азан-қазан дауыстан шошып ояндым. Жан-жағыма қарасам, сары шашты әйел Гүлжан құрбымның төсегіне мініп алып, құрбымды шашынан жұлқылап жатыр. Сары шашты әйелдің тек денесін анық көрдім, белінен арғы бөлігі жоқ, шолтаңдаған бір пәле. Құрбым ұйқылы-ояу не өңі, не түсі екенін ажырата алмай өз-өзінен азаптанып жатыр екен. 

Батылдық қайдан келгенін қайдам, орнымнан ұшып тұрып, сары шашты пәлекетті жалбыр шашынан мықтап ұстадым да, бөлме есігін ашып, ары қарай бар пәрменіммен лақтырдым. Шолтаңдаған дене шойнаң ете қалды. Сөйтіп, орныма келіп жаттым да, сол сәт балбырап ұйықтап кетіппін. 

Таңертең ояна сала түндегі осы оқиға есіме түсе салысымен, зәре-құтым қалмай, қалшылдап кеттім. Түсім дейін десем, ұйқыдан енді оянған Гүлжан құрбым да бозарып, мең-зең болып, маған сұраулы жүзбен қарап отыр екен.

Таңғы шай үстінде Гүлжан да мен көрген пәлені дәл сол кейіпте сипаттап шықты. "Шашы сары жарты дене"... 

Сол кезде құрбым екеуміздің көргеніміз не нәрсе? Маған батылдық қайдан келе қалды? Өмірде біз түсінбейтін тіршілік иелері расымен бар болғаны ма? Тас-түнек қараңғыда көрінген пәленің шашы сары екенін құрбым екеуміз қалай көрдік?

Осындай сан сұраққа әлі де жауап таппай келеміз... 

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: wpapers.ru

Қосылған күні: 03 қазан 2014, 15:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->