Брюс Лидің өз-өзіне жазған хаты

Брюс Лидің өз-өзіне жазған хаты

Бүкіл адамзат баласы Брюс Лиді шығыс жекпе-жегінің хас шебері деп таниды. Ол осындай нәтижеге жету үшін алға қойған мақсаттарына тынбай ұмтылған. Егер жолыңыз Нью-Йорк қаласына түсіп қалса, «Голливуд әлеміне» көз салып өтуді ұмытпаңыз. Ол жерде Брюс Лидің өз-өзіне жазған хаты сақталған. Хат «Құпия» деген атауға ие және 1969 жылдың 9 қаңтарында жазылған деп көрсетілген.

Ол былай деп жазады:

«1980 жылдарға қарай мен АҚШ-тағы 10 миллион доллар жылдық табысы бар ең беделді азиялық киноактерге айналамын. Әркез камера алдында көрініп, өз актерлік дарынымнан да асқан өнер көрсетіп, өмірлік үйлесімде өмір сүретін боламын».

Брюс Ли өзі режиссерлік етіп үш кинокартина жасады.

1973 жылы «Айдаһардың шығуы» фильмінің түсірілімі соңына дейін аяқталмай жатып 33 жасында өмірден озды. Аталған фильм бүкіл әлемге танылып, Брюс Лиге асқан абырой алып келді.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: eliteathletes.be

Ж. Өрісбай