Франция туралы ең қызықты деректер

Франция – Еуропадағы дамыған, мәдени-туристік ел. Егер Францияға жолыңыз түссе сізге мынадай қосымша деректерді біле жүрген артық етпес деп ойлаймыз.

Ca va?” (қалай жағдай?) деген сұраққа жауап та “Ca va” болады, тек интонация ғана өзгереді. Француздар француз тілінен өзге тілдерде сөйлескенді ұнатпайды. Француздар ағылшын тілінде сөйлегенде олардың акценті өздері көп қолданатын жіңішке дауыссыздардың есебінен өте күлкілі естіледі. Французша ағылшын тілі franglais (франглэ) деп аталады, яғни екі тілдің қосындысы. Француздар өздері қарапайым босла да, тәкаппар болып көрінгісі келеді. Француздардың радио және телебағдарламаларында ағылшын тіліндегі бағдарламалар шектеулі. Әсіресе, американдық клиптер, фильмдер тағы басқа шетел мәдениетінің көріністері өте аз көрсетіледі. 2011 жылдың маусым айынан бастап Францияда фейсбук пен твиттер атауын телебағдарламаларда қолдануға тыйым салынған. Француздар өте ұялшақ. Францияда амандасу мен қоштасуды да кезекпен орындайды. Француздардың көп бөлігі Peugeot, Renault немесе Citroen автокөліктерін ғана мінеді.

Француздар жұмыста белгіленген уақыттан артық отырмайды. Францияда жұмыс аптасына 35 сағат. Францияда Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда жылына ең аз жұмыс уақыты тіркелген екен. (1554, АҚШ-та – 1810) Жексенбі күні барлық дүкендер жабық болады. Жексенбі және дүйсенбі күндері барлық банктер жұмыс істемейді. Көптеген француздар Канадаға көшіп кеткенді қалайды. Канадаға уақытша оқу немесе жұмыс бабымен барып қайтқандар кейіннен толығымен көшіп кетуді жоспарлайды. Бір бөтелке вино 3-4 евро тұрады. Ал бір стақан шәй 4-6 евро тұрады. Француздар көбіне ет жегенді ұнатады. Лувр – әлемдегі келушілер саны ең көп мұражай (жылына 8,5 млн адам) болып саналады. Эйфел мұнарасына шығу жолағында әрқашан ұзыннан-ұзын кезек тұрады. Француз әйелдерінің есеп шотын ер адам төлейтін болса, ол төмен санағандықты (қорлағандықты) білдіреді. Француз әйелдері киім үлгісінде көбіне классиканы ұнатады.

Француз әйелдері киім түсіне сейкес әр түрлі бижутериялар мен аксессуарларды тағып жүргенді жөн көреді. Францияда шүмектен су ішуге болады. Францияда коммуналдық қызмет өте қымбат. Сантехникке күніңіз түссе, 500 евродан кем төлемейсіз. Францияда қағаздағы құжаттардың айналымы өте белсенді. Францияда төленген заттың түбіртектерін, хаттарды тастауға болмайды. Оларды француздар өмір бойы сақтайды. Франциядағы мемлекеттік ЖОО-ларда білім алу тегін. Ал жеке ЖОО-ларда білім алу ақылы және беделді болып табылады. Францияда университеттердің емтихандары жазбаша және анонимді тұрғыда өткізіледі. Франциядағы ауылдардың барлығы дерлік вино өндірумен айналысады. Кинотеатрларда барлық жаңа кинолар француз тілінде немесе француз субтитрімен қойылады. Франция - Еуроодақтағы ауыл шаруашылығы ең дамыған мемлекет. Франция жерінің 82 пайызы ауыл шаруашылығының қажетіне жаратылады (48 млн га). Франция жылына 7-8 млрд бөтелке вино дайындайды. Оның әлемдегі үлесі 18 пайызды құрайды. Француздардың 70 пайызы қызыл виноны ұнатады.

Коньяк – Франциядағы провинцияның аты. Осында өндірілмеген коньяктар «коньяк» статусына ие бола алмайды. Француздың әр түскі асында вино болуы міндетті. Француздар түскі асқа көбіне багет жейді. Франция бақа импорты бойынша әлемде бірінші орынды алады. Француздардың өздері бақаны жемейді. Ол туристер үшін жеңсік тамақ түрі. Бақаның етінде калория өте аз болады (тауықтый етіне ұқсайды). Франция Еуроодақтың құрылуына мұрындық болған ел. Еуропаның бірігуіне бастама жасаған - Робер Шуман. Ол 1948-1953 жылдары Францияның сыртқы істер министрі болған. Францияда тауарлардың жаппай сатылымы жылына екі рет болады (қаңтар-ақпан және шілде-тамыз). Францияда полицейлер роликпен жүреді. Париж тарихындағы ең үлкен су тасқыны 1910 жылы орын алған. 1898 жылы Парижде метроның алты бағыты іске қосылды. Лувр 1793 жылға келіп мұражай мәртебесін иемденді (негізі XII ғасырда салынған).

Франциядағы Europcar агенттігінен көлікті жалға алу тура сол агенттіктің Германиядағы орталығына қарағанда екі есе қымбатқа түседі. Германияда 1 еуроға бағаланған зат Францияда 2 еуроға сатылады. Францияда концерттен кейін әртістерге гүл шоғырлары берілмейді (театрда, операда). Француз студенттері дәрістерде тапсырмаларға жауап бермейді. Тіпті дұрыс жауапты білсе де. Францияның қазіргі жалауы 1794 жылы енгізілген. Еуроодақтың 12 жұлдызды жалауын Страсбургтің тұрғыны Arsène Heitz 1955 жылы жасаған. Францияның әнұраны Марсельеза 1917 жылдағы төңкерістен кейін біршама уақыт бойы Ресейдің әнұраны ретінде қолданылған. Марсельезаның авторы - Роже де Лиль. Әнұран алғаш рет Страсбург қаласында орындалған. Францияда тіпті ит асыраушыларға да жәрдемақы төленеді. Франциядағы студенттің қоғамдық көліктерде айлық жол жүру ақысы 10 центті (еуроцент) құрайды. Франция атом электр энергиясын өндіру бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұрады. Францияда 59 атом электростанциясы бар. Француздар орта есеппен күніне 9 сағат ұйықтайды. Француздардың ұраны: «Біз жұмыс істеу үшін өмір сүріп жатқан жоқпыз, керісінше ...». Француздар үнемі жұмысқа немесе белгіленген кездесуге кешігіп барады. Келісім шарттарын жасаудағы кездесулерге 15 минут кешігу әдеткі жағдай. Карузель (Arc de Triomphe du Carrousel) триумф аркасы Наполеонның жеңісі құрметіне 1806-1808 жылдары салынған.

Bugatti көлігі Францияның Эльзас деген аймағында жасалынады. Француздардың ең үлкен ұлттық мейрамы – Бастилия қамалының алынған күні (14 июля 1789). Франция ЕО елдері ішіндегі ең салығы жоғары мемлекет. Табыстың салығы - 34,3%. Тауардың үстеме салығы - 19,6%. 2006 жылы табыстың салығы 50%-ға көтерілді. 

 

Тағы да оқи отырыңыздар:

Жануарлар туралы біз білмейтін 10 таңғажайып дерек

Рубик кубигі қалай пайда болды?

Қалалар мен жер-су атауларының мағынасы нені білдіреді?

Францияда бәрі бар!

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет:www.institut-francais.org.uk