Антикалық мифология

Антикалық мифология

Мифология Антика мәдениетінің жиынтығы болып келеді. Антика мифологиясын зерттеу көне гректер мен римдіктердің әдебиеті мен өнерін танумен бірдей. Мыңжылдықтарға созылған мифтік толқулар алдымен халықтық сеніммен біріксе, кейін қоғам еске алатын аңыз болып өзгерді.

Көне Құдайлар

Антикалық теогонияны (Құдайлардың келіп шығуы) мына сұлбамен реттеуге болады: Хаостан жосықталған Ғарыш пайда болады. Сосын алғашқы грек құдайлары Гея (Жер), Нюкта (Түн), Эреб (Түнек), Тартар (Тұңғиық) пайда болды. Геядан Уран (Аспан) және Понт (Теңіз) дүниеге келеді. Екінші ұрпақ Эриния (Кек), Мойра (Тағдыр), Гипнос (Ұйқы), Немезид (Жаза), Танатос (Өлім) құдайлары болды. Сонымен қатар, Геядан Пифон (Алып Жылан), Тифон (Отты Дәу), Эхидна (Әйел-Жылан), Гекатонхейр мен бір көзді Циклоп секілді құбыжықтар да дүниеге келеді. Көне гректің алғашқы Құдайлары адамға ұқсас болмайды. Олар аморфты, жануартекті, құбыжық секілді болды. Ал барлық Құдайдың Гея ана Құдайдан бастау алуы матриархаттың белгісі деп білеміз.

Олимпия Құдайлары

Адам текті (антропоморфты) Құдайлар патриархаттың басталуынан пайда болған. Олардың басшысы «Құдайлардың әкесі» атанған Зевс болады. Олимпия Құдайлары ғаламның тұрақты болуын қамтамасыз етті. Үшінші ұрпақ Кронос пен Реяның ұрпақтары болды. Олар: Гера (Отбасы құдайы), Аид (Жер асты құдайы), Посейдон (Теңіз құдайы). Құдайлардың орталығы Олимп тауында орналасқандықтан, оларды «Олимпия құдайлары» деп атап кеткен. Ал Құдайлардың төтінші ұрпағы Зевстен тарады. Олар: Апполон (Күн), Артемида (Жемістілік), Арес (Соғыс), Гермес (Құдайлардың хабаршысы), Гефест (Еңбек), Афина (Жеңіс), Дионис (Шарап).

Көне римдіктер б.з.б. VI-V ғасырларда «римдік мифті» қалыптастыру мақсатында грек Құдайларына өзгеше есімдер беріп пайдалана бастаған. Римнің тарихы Эней батырдың (Вергилий: Энейда дастаны) ұрпағы Ромулдан бастау алады.

Батырлар 

Әлемді хаостан ретке келтіру мақсатында орын алған соғыстар барысында мифтік батырлар да дүниеге келді. Персей Медуза горгонасын, Беллерофонт Отты Химерді, Тесей Минотаврды өлтіреді. Гераклдың жасаған 12 ерлігі туралы аңыз қалыптасады. Ал Эдип Сфинксті жеңеді. Алтын жабағыны алу мақсатында Колхида еліне (Қазіргі Грузия) Ясон батыр мен аргонафтар жорығы туралы аңыз дүниеге келеді. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: ancientgreece.com

Ж. Өрісбай