Балдыр туралы қызықты ақпараттар

Балдыр туралы қызықты ақпараттар
Фото: ria.ru

Балдыр – биологиялық құрылысы өте қарапайым өсімдік түрі. Алайда құрылысының жай болуына қарамастан, микроскопиялық түрден макроскопиялыққа өзгере алады. Мәселен, ұзындығы 100 фунттан асатын алып балдырға айнала береді. Аналогиялық бактерия ретінде сары-жасыл балдырлар немесе бұрынғы атауы цианобактериялар мен жасыл, қоңыр балдырлар микробалдырлар түрлеріне жатады.

Балдыр  ауыл шаруашылығына жарамсыз қалған аймақтар мен су ресурстарына бай жерлерде өседі. Өсімдіктің бұл түрі арық суының  құрамы мен сапасын, және гигиеналық талабын реттеп отырады.

Микробалдырлардың  басым көпшілігі  энергия қоры ретінде фотосинтез, СО2, азот пен фосфор биомассаларын пайдаланады. Соның арқасында жетіліп өнеді. Бұл процесс «автотрофты өсу» деп аталады. Балдырлардың өзге түрлері көлеңкелі аймақтарда өмір сүргендіктен, қант пен крахмал сияқты көмірсуларымен қоректеніп, гетеротрофты өсу тәртібі бойынша өседі. Сонымен қоса миксотрофты тәртіп арқылы да үлкейеді.

Балдырлар әлем бойынша барлық жерге біркелкі таралған, және де ауа құрамындағы оттегінің 70 пайызын өңдеп шығарады.

Қазірде, балдыр отыны немесе биоотын секілді жанармайлардың балама түрлерін жасап шығару өзекті мәселеге айналып бара жатыр. Балдырдан өңделген биоотындар: бензин, керосин, солярка сияқты жанармайлардың балама түрі болып есептелінеді. Биоотындар – экологиялық табиғи өнімдерден жасалғандықтан, қоршаған ортаға ешқандай зиянсыз. Әлемде мұнай қорының азаюына байланысты, осы таңда дүниежүзіндегі ірі компаниялар мен мемлекеттер биоотын жобасын қаржыландырып, тіршілікке икемділігін дамытуда.

Н. Нұрмаханұлы