Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Жүргізушіден Президент болуға дейін

Жүргізушіден Президент болуға дейін

Жүргізушіден Президент болуға дейін

Венесуэла президенті Уго Чавес көзінің тірісінде мұрагер етіп белгілеген, Венесуэла елінің қазіргі уақытша президенті Николас Мадуро жайлы білгіңіз келе ме?!

6 наурыз күні Венесуэла президенті Уго Чавес Каракас ауруханасында көз жұмды. Оның өлімі Венесуэла халқын екіұдай жағдайға душар еткені белгілі. 1998 жылы таққа шығып, Венесуэланы социалистік елге айналдырғысы келген Чавестің арманы орындалмай кетті. 2011 жылдан бері қатерлі ісік ауруымен арпалысқан президент бар болғаны екі жыл ішінде төрт рет ота жасатты. Соңғы отаға кірер алдында өз өміріне төнген қауіптен сезіктенген ол: «Егер жаңа президент сайлауын өткізу қажеттігі туындаса, сіздер Николас Мадуроға дауыс беруге тиіссіздер!» деп өз жақтастарына сенім артқан еді.

Венесуэла конституциясының 233-бабы бойынша, президенттің міндетін уақытша вице-президент Николас Мадуро атқарды. Отыз күн ішінде президент сайлауын өткізу керек болған Мадуроның жақтастары көбейіп келе жатқан сыңайлы. Чавестің өсиеті бойынша Мадуро таққа отырса, оның міндетті түрде бұрынғы президенттің арманын орындауға барынша күш салатыны тағы белгілі.

Уго Чавестің сенімді серігі Николас Мадуро шынында да таңғажайып талантқа ие адам деп айтуға болады. Оның басты себебі, қарапайым жүргізушіден ел тізгінін ұстаған тұлғаға айналуында. Оның үстіне Чавестің оны президенттік таққа ұсынуы елдің оған деген қызығушылығын тіпті де арттырып жіберген болатын. Мадуроның мектептегі кластасы ол жайлы: «Ол басқаларға терең әсер қалдыра алатын адам. Оның қою қара мұрты мен мейірімді күлімсіреуінен тыс, кездескен адамын мойындата білетін шешендігі жұртты өзіне бірден баурайды» дейді.

Мадуроның әкесі жұмысшылар ұйымының мүшесі еді. Ал Мадуро мектепте оқып жүрген кезінде-ақ саясаткерлерге тән қабілеті мен тәуекелшіл мінезін таныта білген. Оқушылар ұйымының төрағасы сияқты міндеттерді атқара жүріп, Венесуэла еліндегі оқушылар құқығын қорғау қозғалыстарында даңқты болған.

Дегенмен, ол орта мектепті бітірмей жатып, Каракас метро компаниясында жолаушылар көлігінің жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Сонда жүріп жұмысшылар ұйымына кірген. Кейін, жұмысшылар ұйымының төрағасы міндетін атқарып, сұхбаттасу қабілетін жетілдірген. Оның осынау ерекшелігі ақыры саяси сахнаға көтерген.

Ол 1992 жылы әскери төңкеріс жасап, сәтсіздікке жолыққан «Чавесті құтқару» қозғалысына белсене қатысқан. Осы барыста ол Чавестің айналасындағылармен байланысын күшейтті. «Чавесті құтқару» қозғалысы кезінде қазіргі әйелімен танысады. Оның әйелі басқарған қорғаушылар ұйымы Чавесті түрмеден сәтті түрде алып шығады.

Чавес 1998 жылы үкіметті қолына алған соң Мадуроны өз жанына тартып, оған «Нағыз төңкерісші» деген атақ берген және саяси сахнадағы даулы мәселелерді шешуге жетекші етіп тағайындаған.

Америкалық әйгілі саясат ғылымының профессоры Грамус ол жайлы «Ол Венесуэла қоғамын бірлікке келтіру партиясындағы солшыл ұйымның өкілі болғанымен, қашан да өзге елдермен ынтымақтасу жолын ұстанады. Оның бұл ерекше талантының Венесуэла еліне қосқан үлесі шексіз. Венесуэла мен Колумбияның ынтымақтасуы және басқа да елдермен одақтасу дәл осы Мадуроның жобасы болатын» дейді. 

Автор: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

1974 3
Рейтинг: +3

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 12 наурыз 2013, 09:48
Пікірлер
+0
12 наурыз 2013, 10:47

Уго Чавес мықты болғанын халықтың жылағанынана көруге болады. Кім білсін ұнатар ма екен?

+0
12 наурыз 2013, 12:39

бұл әшейін сараптамалық мақала ғана. ал бұдан сырт тағы мыналарды айтуға болады. біріншіден, елін сонша сүйген Уга Чавестің қастерлі өсиетін халық жерге тастамайды. екіншіден, дәл қазыр, Венесуэлада дәл осы Николас Мадуродадай беделді кандидат жоқ. Үшіншіден, Мадуро жеңіліс тауып, таққа оңшыл партиа өкілдері шығатын болса, Чавестің соңынан ертген халық міндетті түрде төңкеріс жасайтын болады. онда Венесуэланың күні бітті дей бер. Венесуэла үшін жалғыз талғам осы Мадуро сияқты. дегенмен бір алланың қолында ғой.

+0
12 наурыз 2013, 15:16

Solai, solai...turmeden bilikke jetu kagidasy

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...