Әлемдегі ең бай адамдардың әйелдері

Әлемдегі ең бай адамдардың әйелдері

«Жақсы әйел ерін төрге сүйрейді» демекші, ер адамның ісінің алға басып, түрлі қиындықтар мен бәсекелестерді жеңуінде жарының қолдауы аса маңызды рөл атқарады. Әлемдегі ең бай адамдар және олардың арқасүйер жарлары кім? 

LVMH холдингінің басшысы Бернар Арно жары Элен Мерсьенің жүрегін миллиондарымен емес, Шопеннің вальстерін ойнай алатынымен жаулап алған. Элен – Францияда танымал пианист әрі меценат. Модель немесе актриса болмаса да Арно ханым өте көрікті әрі кербез.

Әлемнің ең бай адамдарының тізімінен түсіп көрмеген Билл Гейтс жиырма бес жылдан бері Мелинда Гейтспен бақытты отбасын құрып келеді. Мелинда күйеуі Биллдың әйелі ғана емес, оң қолы. Отбасының беріктігіне бұл қасиеті де әсер етпей қоймағаны анық.

Әлемдегі ең жас миллиардер Марк Цукерберг (Фейсбук құрастырушысы) өмірлік серігі етіп супермодель немесе шоу-бизнес жұлдызын емес, түп-тегі қытайлық қарапайым студент Присцилла Чанды таңдаған.

Үндістанның ғана емес, 2008 жылдың «Форбс» нәтижесі бойынша әлемнің ең бай адамы саналған Мукеш Амбани өзінің құрдасы Нита Амбаниге үйленіп, бірнеше жылдар бойы бақытты отбасын құрып келеді. Нита — мамандығы бойынша әлеуметтанушы, қазіргі таңда қайырымдылық қорын басқарады.

Мультимиллиардер Уоррен Баффеттің махаббат хикаясымен мелодрамаға сценарий де жазуға болады. Бірінші әйелі қайтыс болған соң Астрид Менкспен танысып, жақсы қарым-қатынаста болады. 20 жылдай дос бола келе, 76 жасқа таяғанда 60 жасар Менкске үйленуге ұсыныс жасайды. Бақытты әйел ұсынысқа келісіммен жауап береді.

Ойын-сауық бизнесінде жүріп миллиард жинаған Шелдон Адельсон 20 жылдан бері Мириам Осшорнмен шаңырақ көтеріп келеді. Мириам — мамандығы бойынша дәрігер және есірткімен күрес ұйымының басшысы. Бұл жолды таңдауы да бекер емес, 2005 жылы үлкен ұлдары есірткіні шамадан тыс пайдаланып, өмірден озған.

H&M компаниясын басқаратын швед магнаты Стефан Перссонның әйелі Дениз өмірлік серігі ғана емес, бизнесте де серігі болып табылады. 

Суреттер: vk.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina