Эврика! Немесе әмбебап ғалым Архимед

Эврика! Немесе әмбебап ғалым Архимед

Аяулы оқырмандарға адамзат баласының мақтанышы Архимед туралы әңгімелеп бермекпіз.

Архимед б.з.д. 287 жылы Сицилия аралында дүниеге келді. Әкесі оны жастайынан білім-ғылым жолына тәрбиелеп, көп оқытты. Александрияда жүрген кезде Архимед астроном ғалым Канонмен, астроном-математик Эратросфенмен танысып жолдас болып, өмірінің кейінгі күндері олармен ғылыми хат-хабар алмасып отырған. Сонымен қатар кітапқа ерекше еліткен ол жергілікті кітапханада отырып, Демокрит, Евдокс секілді ғалымдардың еңбегін зерттеп, зерделеді.

Архимед Сицилияға мықты математик болып оралса да, кейінгі зерттеулерін механика саласында жүргізді. Көпке белгілі иінтірек (рычаг) принципі, ауырлық центрі, Архимед заңы секілді теоремалар осы кісінің еңбегі. Ғалым ашқан жаңалығына масаттанып отырып: "Маған тіреу нүктесін тауып берсеңдер, жерді де көтере аламын", - деп айтқан деседі. Сонымен қатар, ғалымның талантты конструктор болғандығын да айтып өтелік. 

ап

Көркем сурет: Архимед жерді иінтірек принципі бойынша жерді көтеруде

Сол кезеңдердегі механика ғылымының ең басты проблемасы статика мәселелері болды. Құрылыс, әскери техникалардың дамуы үшін осы тұрғыдағы кейбір сұрақтарды шешу керек болды. Осы қажеттіліктің арқасында жоғарыда атап өткен иінтірек, ауырлық центрі секілді ұғымдар пайда болды. Осылай адамзат баласы табиғаттан қулығын асыра алды. "Механе" ежелгі грек тілінен аударғанда дәл осы "қулық" деген сөзді білдіреді.

Ғалымның жасап шығарған әскери машиналары сол кезеңдерде римдіктерден қорғануға жақсы құрал болды. Тарихшылардың айтуынша, Архимед сондай бір шайқас кезінде қаза тапқан.

суреттер: academic.ru, prikol.pikmik.ru