Менделеев - мыңжылдық тұлғасы

Менделеев - мыңжылдық тұлғасы

Аяулы оқырман! Бұл жолы ғасыр былай тұрсын, бүкіл мыңжылдықтағы үздік ойдың иесі ретінде танымал Менделеев туралы әңгімелеп береміз.

Бұл кісі артына 500-ден аса ғылыми еңбек қалдырған адам. Химия, химиялық технологиялар, физика, метрология, ұшу, метеорология, ауыл шаруашылығы, экономика бағыттарында көп еңбек етіп, қызыға айналысқан. Ғалым сонымен қатар ерітінділер теориясы, мұнайды фракцияға бөлу туралы идеялардың авторы. Түтін шықпайтын оқдәріні де ойлап тапқан осы кісі екендігін айтып өтелік.

Дмитрий Иванович Менделеев 1834 жылдың 8 ақпанында Ресей жеріндегі Жоғарғы Аремзян аймағында дүниеге келген екен. Әкесі жергілікті гимназияның директоры болып қызмет еткен. Он төртінші болып дүниеге келген баланы отбасында ерекше қуанышпен қабылдады. Бірақ отбасындағы шаттық ұзаққа созылмады. Дмитрий дүниеге келген соң, көп ұзамай, әкесі жер қойнына аттанып кете барды. 

Осыдан кейін балалардың тәрбиесімен анасының жалғыз айналысуына тура келді. Дима 15 жасында жергілікті гимназияны бітіріп шықты. 

Анасының ерекше қамқорлығының әсері мол болғандықтан болу керек, Менделеев 1850 жылы бұрын өз әкесі білім алған Мәскеу педагогикалық университетіне оқуға түседі. 21 жасында қорытынды емтихандарды жақсы тапсыра білді. Ал оның дипломдық жұмысы ғылым кандидатының диссертациясы ретінде бағаланды. Бұл жұмыс изоморфизм құбылысы туралы болғандығын айтып өтелік. 

Болашақ ғалым 1857 жылы Петербург университетінде приват-доцент болып қызмет етті. Ал 1859-1861 жылдары Франция мен Германияның университеттерінде тәжірибесін арттырды. 1859 ғалым пикнометр деген аппаратты жасап шығады. Бұл құрылғының қызметі сол - кез келген сұйықтықтың тығыздығын анықтайды. Ал 1860 жылы сұйықтардың абсолют қайнау температурасы деген ұғымды ойлап тапты. 

Менделеев 1863 жылы "Органикалық химия" атты оқулығын басып шығарды. Кейінірек бұл еңбек үшін ғалым Демидов сыйлығын иеленді. Тура екі жылдан соң, ғалым докторлық диссертациясын қорғады. Бұл зерттеуінде ол ерітінділер химиясының негізін қалады деп айтуға да болады. Жұмысты сәтті қорғап шыққан соң, Менделеев Петербург университетінің профессоры атанды. 

а

Менделеевтың периодтық кестесі

Ғалымның 1869 жылы ашқан периодтық кестесі химия ғылымына үлкен төңкеріс алып келді. Әңгімеміздің басында айтқан мыңжылдықтық елеулі оқиғасы - осы жаңалық.

Дмитрий Иванович Менделеев 1907 жылдың 2 ақпанында дүние салды. Оның құрметіне периодтық кестедегі 101-ші элемент Менделевий деп аталды.

сурет: kristallikov.net, mskzapad.ru