- Негізгі бет
- Өнегелі өмір
- Толстойдың нақыл сөздері...
Толстойдың нақыл сөздері
Оқырмандарға 1828-1910 жылдары өмір сүрген, әлемге терең ойларымен мәшһүр болған орыс жазушысы Лев Толстойдың нақыл сөздерін ұсынамыз.
- Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді.
- Шындық, мейірімділік, қарапайымдылық жоқ жерде ұлықтық болмайды.
- Адамдардың бір-бірін дұрыс танымауы немесе шамадан тыс тануы олардың жақындасуына кедергі болады.
- Адамның көркі - дұрыс өмір сүруінде, өмірдің көркі - еңбекте.
- Көп адамның істері мен ойлары ақыл арқылы табылған нәрсе емес. Көп жағдайда еліктеудің нәтижесі.
- Тіпті сәбилермен де шыншыл бол. Оларға өтірік айту арқылы жалған сөзге тәрбиелейміз. Балаларды тәрбиелеудің жалғыз жолы - олармен шыншыл болу.
- Өмірде ештеңе тектен-тек болмайды. Біз тағдырды қабылдамаймыз, қайта соны жасаушымыз.
- Білімнің санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Көп нәрсені біле тұра, ең маңызды нәрсені білмеу - білімді пайдасыз етеді.
- Ұлы шындықтар әрқашан түсінікті және қарапайым.
- Ең ұлы билік - өз-өзіңді билеу.
- Тәрбиелеу - адам бойынан ұждан мен арды ояту ғана.
- Уақыт бір орында тұрмайды. Бірақ айтылған сөз бен істелеген іс сол күйі қалады.
- Өлім туралы ойлар өмір сүру үшін қажет.
- Салдары үлкен ойлар әрқашан қарапайым болып келеді.
- Бақытты отбасылар бір-біріне ұқсас келеді. Ал әр бақытсыз шаңырақтың өзіне тән қиындықтары бар.
- Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді.
- Өз-өзіңді сыйлау мен өзімшілдік екі бөлек нәрсе.
- Жақсылықты құпия түрде жаса, сонда біреуге көмек көрсеткендіктің тәтті дәмін сезе аласың.
- Ғылымның мақсаты - адамға қызмет ету.
- Жүрекпен істелген жақсылық ең алдымен өзіңе пайда.
- Шынайы бақыт - өзгелер үшін өмір сүру.
- Ұстаз өз ісін сүйсе, жақсы оқытушы болатыны анық.
- Қызға еліктейтін жігіттің сүйкімсіздігі секілді, жігітке ұқсағысы келетін қыз да тартымды болмайды.
- Көпшілікпен өмір сүре отырып, жалғыз қалған кездегі тапқан ойларыңды ұмытпа. Жалғыз қалған кезде көпшілікпен араласқан кездегі ұққан нәрселерің туралы ойлан.
- Өмір таусылмас қуанышпен өтуі тиіс. Басқа қандай қайғы келсе де, өмірді бақытты, қуанышқа толы етуге болады.
сурет: snob.ru