Медицинаның негізін қалаған ғалым

Медицинаның негізін қалаған ғалым

Массагеттің оқырмандарына медицина ғылымының негізін қалаған Ибн Сина туралы әңгімелеп бермекпіз. 

Ибн Сина 980 жылы дүниеге келген әрі философ, әрі дәрігер, әрі энциклопедист ғалым. Бұл кісі Бұқара маңындағы кішкене ғана Афтана ауылында дүниеге келген. Өмірінің алғашқы кезеңдерінде ғылымға бет бұра қоймаса да, кейінірек ол математика, философия, медицина ғылымдарына ден қойып, зерттей бастады. Осылайша 20 жасында үлкен абыройға ие болып, ғалым ретінде мойындала бастады.

Сасанид мемлекеті құлағаннан кейін, ол өмірін саяхаттаумен өткізді. Парсы княздықтарын барынша кезіп, сол жерде сарай дәрігері болып қызмет атқарды. Сол кезде Еуропаның дәрігер ғалымдарының өзі оны ерекше құрмет тұтқан еді.

1

Оның бізге дейін жеткен ең басты еңбегі - 5 бөлімнен құралған "Медицина канондары" кітабы. Бұл ғылыми еңбек осы күнге дейін әлемнің барлық тіліне аударылып, медицинаға аяқ басқан кез келген студентке оқытылып келе жатыр. Кітап мазмұны гректердің, үнділердің, римдіктердің түсініктерін бір арнаға тоғыстыра білген.  

Уақытында оның еңбектері дін өкілдерінің қысымына ұшыраса да, әлі күнге дейін маңызын жоғалтпай келе жатыр. Дегенмен еңбектерінің көпшілігі бізге жетпей қалғанын мойындау керек. Тек әлем құрылысы мен материяның мәңгі екендігі туралы кейбір трактаттары жеткен. Ұлы ғалымның иран, өзбек, еврей әдебиеттеріне тигізген ықпалы зор. Адамзат баласының мақтанышына айналған Ибн Сина 1037 жылы қайтыс болды. 

сурет: sunhome.ru