Исаак Ньютонның өмір жолы

Исаак Ньютонның өмір жолы

1643 жылдың 4 ақпанында Англиядағы Линкольншир графстовасындағы Ньютондар отбасында бір сәби дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман есен өсіп-жетіле берді.

Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен қанағаттанарлық деген баға алып жүрді. Бұны тек баланың оқытылған пәндерге деген қызығушылығының жоқтығымен ғана түсіндіруге болады. Оның өмірінің кейінгі кездерінде көрсеткен интеллектісіне қарап, тек осындай ғана тұжырым жасауға болады.

1660 жылы өздігінен Кембридж университетінің Тринити-колледжіне оқуға түскенде, ол не-бары он сегіз жаста болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие болып, шамалы адам оқуға түсе алмайтын. Айта кетер нәрсе Исаак өмір сүрген он жетінші ғасырдың ортасында Англияда революция орын  алып, бірінші Карлдың басы шабылып, парламент таралып, ел ішінде бүліктің болып жатқан кез еді. Осыған қарамастан, Англияда университеттер қалыпты жұмыс істеп, баяу болса да ғылым дамып жатты.

Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып, 1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик әрі оның ұстазы Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689 жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс оқиды. 

Бір қызығы Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен де айналысқан. Бұған себеп болған нәрсе мынау. Грантэмдегі қоғамдық мектепте оқып жүрген кезінде ол дәріханашының үйінде бірге тұрған еді. Осының әсерінен химияға қызығушылғы пайда болып, осы саланы да біраз меңгерген. Дегенмен, Ньютон механикаға көңіл бөліп, сол саланы барынша зерттеуге тырысты. Кейінірек Галилейдің идеясын дамытып, механиканың негізгі теорияларын қалыптастырды. Ол жаңалық әлі күнге дейін мектеп бағдарламасында оқытылып келеді. 

Жалғасы бар...

Сурет: factsforyou.com.ua

Ж. FM