Топ - 5: Бизнес туралы үздік кітаптар

Топ - 5: Бизнес туралы үздік кітаптар
Фото: hi-news.ru

Соңғы уақытта халықтың сүйіп, қызығып оқитын кітаптардың бірқатары бизнес саласына тікелей қатысты. Бизнес туралы миллиондаған кітаптар жазылды. Бірақ, оның ішінде іліп алары аз.

Біз сіздерге бизнеске қатысты көзқарасты қалыптастыратын, компанияны басқару және оның қаржы мәселелерін қалай шешуді үйрететін кітаптарды назарларыңызға ұсынамыз.

 1.Генри Форд «Менің өмірім, менің жетістігім» (Моя жизнь, мои достижения)

Өзінің автобиографиясында Генри Форд өзінің еңбек жолы мен табысты өмірінің құпиясымен бөліседі.
Форд туралы талай жазушылар туынды шығарғанымен, ол құпия жаратылыс ретінде қалған еді. Оның автобиогрфиясы қолданысқа енген күннен бастап атаққа ие болды. Өзектілігін әлі күнге жоғалтқан емес.

2. Гай Кавасаки «Стартап»

Apple компаниясы Гая Кавасакисіз компьютер мен телефон өндіретін қарапайым фирма болар ма еді?! Осы себептің өзін негізге ала отырып, бұл кітапты оқуға болады: жаңа өнімнің пайда болуынан бастап халықаралық деңгейге жеткенше қандай жұмыс істеу керектігі айтылады.

 3. Чанг Ха-Джун «Экнонмика қалай жасақталған?» (Как устроена экономика)

Чанг Ха-Джун Корей экономисі эконимиканың құрылымы мен жасақталуын оқырманға оңай нұсқада түсіндіреді. Кітап – заманауи. Тек экономикадан түсінік беріп қана қоймай, оған қатысты жалған пікірлерді де жоққа шығаруға көмектеседі.   

4. Билл Гейтс «Ой жылдамдығына сәйкес бизнес» (Бизнес со скоростью мысли)

Билл Гейтс секілді 21-ғасырдың басты факторы болатынын түсінген адам аз шығар. Тек интернет, компьютер жылдамдығы емес, бизнестің де жылдамдығы маңызды. Гейтс өз туындысында ақпараттық технологияларды бизнес саласында дұрыс қолдануға нұсқаулық бере отырып, Microsoft компаниясын басқару барысында туындаған қиындықтарды мысалға алады. Кітап теория негізінде  ғана емес, нағыз тәжірибе арқылы жинақталған мысалдарға толы.

5. Ли Якокка «Менеджердің мансабы» (Карьера менеджера)

 «Ford» компаниясымен тығыз байланысты тағы бір автобиографияны ұсынамыз. Ли Якокка – тарихтағы ең табысты менеджерлердің бірі. Білікті менеджер болуға талпыну мен оған қол жеткізудің жолдарын кітабында анық көрсетеді.

Сіздерге бизнес тақырыбында қандай кітаптар ұнады?

Т. Есқали