- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Эйнштейн физиканы қалай...
Эйнштейн физиканы қалай оқыды?
Уолтер Айзексен жазған Альберт Эйнштейннің өмірбаянында тек еңбек жолын ғана емес, оның жанұясы мен өмірлік мансабын да жазады. Бірақ, оқырмандар үшін ең қызық бөлім Эйнштейннің оқу кезіндегі өмірі болары сөзсіз.
Эйнштейн қаншалықты ақылды болды?
Эйнштейнге қатысты сұрақтардың ішіндегі ең жиі қойылатыны осы сауал. Тіпті, халықтың арасында ол математика мен физиканы үшке оқыды деген аңыз да тараған. Бірақ оның бәрі – жалған. Эйнштейн математикадан үздік болған.
"Мен ешқашан математикадан төмен баға алып көрмедім. Он бес жасыма дейін дифференциалдар мен интегралды меңгердім",– дейді Эйнштейн. Дегенмен, ол кезде оны ешкім данышпан деп бағаламайтын.
Эйнштейн математика мен физиканы қалай оқыды?
Айзексен кітабында Эйнштейн қолданған бірнеше әдіс көрсетілген.
1. Оқу деген мектепке бару емес, қиын мәселелерді шешу
Ғалым мектепке барғаннан гөрі, үйде физиканың құпиясын зерттегенді жаны сүйген. Жасы 12-ге толғанда, арифметиканың қиын бөлімін артқа қалдырғанын көрген ата-анасы жазда ермек болсын деп математикадан түрлі оқулық сатып алып береді. Оның бала кезден бергі ұстанымы "Тыңдама, әрекет ет!" болғандығын өзі де жазбаларында дәлелдейді.
2. Бір нәрсені білетініңізді қай уақытта дәлелдейсіз?
Тақырыпты түсінгеніңізді қайдан білесіз? Эйнштейннің кез келген түсінікті дәлелдеуге тырысуы оны еңбек жолындағы ең үлкен жетістіктерге алып келді. Бала кезінде ағасы Якоб Пифагор теоремасын түсіндіреді. "Ұзақ уақыт пен күштен соң бұл теореманы үшбұрыштар ережесіне сүйеніп түсіндірдім",– деп еске алады Эйнштейннің өзі. Жетістік қызығушылықтың жемісі екенін ғалымның өзі дәлелдейтіндей.
3. Ойлану үшін жайлы орта мен терең зейін керек
Эйнштейннің қабілеті ерекше болатын. Оның ұлы бір сөзінде "Тіпті баланың жылаған дауысы, оның зейінің аударуға қауқарсыз", – деп еске алады. Ол жұмысына беріліп кететіні сонша айналасында болып жатқан жағдайға мән бермейді. Ғылымда жетістікке жеткен әр ғалым жалғыздық пен қызығушылықтың беретін күші оқудан да жоғары екенін мойындайды.
5. Ойыңызды түсіну санаңыздағы тәжірибеге байланысты
Эйнштейн – ой тәжірибесінің шын жанкүйері. Ол артық шығынды қажет етпейді.
6. Өзіңді дәлелде
Эйнштейн ешқашан біреудің дегеніне көндіге қоймаған. Өзінің дұрыстығын дәлелдеймін деп академиялық мансабына нүкте қойғанымен, өзін дәлелдеді.
Эйнштейндей қабілетке ие емеспін деп мойымаңыз. Сіздің бойыңыздан данышпанның табандылығы мен мақсаты табылары анық. Алға ұмтылыңыз!
Т. Есқали