NASA: Марсқа тек АҚШ азаматтары ұшады

NASA: Марсқа тек АҚШ азаматтары ұшады
Фото: 24.kz

Америкалық ғарыш агенттігі (NASA) Марсқа ұшатын ғарышкерлерді іріктеу бағдарламасын жариялады. Бұл туралы агенттік сайтында хабарлаған.

Қызыл ғаламшарға сапар шегуден үміткерлер 14 желтоқсаннан бастап, 2016 жылғы ақпан айының ортасына дейін іріктеледі. Байқаудан өткен астронавтардың есімдері 2017 жылы жарияланады. Бірақ олар Марсты бетке алмас бұрын Orion ғарыш кемесінің сынағына қатыстырылады.  Агенттіктің үміткерге қоятын басты талабы - ғарышкер АҚШ азаматы болуы тиіс. Сондай-ақ болашақ ғарышкер реактивті ұшақты басқарудан 3 жылдық тәжірибесі бар екендігін дәлелдейтін құжаттарды тапсыруға міндетті.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы