Қосдипломды бағдарламамен Еуропада білім ал

Қосдипломды бағдарламамен Еуропада білім ал
Фото: kazntu.kz

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу университеті Еуропаның жетекші университеттерімен біріге ұйымдастырған қосдипломды бағдарламаға қатысуға шақырады. Аталған бағдарлама "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша магистратурада білім алуға мүмкіндік береді.

Егер сіздің бакалаврда алған біліміңіз мына салалардың біріне сай болса, онда сіз қосдипломды бағдарламаға өтініш білдіре аласыз. Олар:

«Автоматтандыру және басқару» 
«Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету»
«Ақпараттық жүйелер»
«Математикалық және компьютерлік модельдеу»
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
«Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері»
«Техникалық физика»

Бағдарламаның артықшылығы магистратураның 2-3 семестр оқуы Еуропадағы техникалық университеттердің бірінде өтеді. Бағдарлама демеушілері оқу ақысы мен тұрақты мекен орнына жұмсалатын ақшаны толықтай қаржыландырады. Сонымен қатар, ай сайын берілетін шәкіртақы мөлшері де сол қаланың өмір сүру стандартынан жоғары болмақ. Ал білім алып қайтқаннан кейін, түлектің өз саласы бойынша жұмысқа орналасуына кепілдік беріледі.

Қосдипломды бағдарламаға құжаттар онлайн түрде 12-25 шілде аралығында қабылданады. Мына сілтемені басу арқылы, өз өтініміңізді бере аласыз. Одан бөлек, құжаттар 15-29 шілде аралығында мына мекенжай бойынша қабылданады: Сәтбаев көш., 22, НК, 909 кабинет.

Сонымен қатар, қосымша ақпараттар үшін мына байланыс нөміріне хабарласа аласыздар: +7 (727)257 71 50 (m.ussen@kaznitu.kz)

Ж. Өрісбай