Алматыда ертең Ұстаздар күні тойланады

Алматыда ертең Ұстаздар күні тойланады

Алматыда 2014 жылдың 1 қазанында Мұғалім күні мерекеленеді. Ұстаздарды кәсіби мерекелерімен Алматы әкімі Ахметжан Есімов құттықтайды.

Мерекелік шараға оқулықтар авторлары, авторлық бағдарламаларды жасаушылар, «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпаздары, оқу жүйесінің ардагерлері, үміт артуға лайық жас педагогтар шақырылған. Салтанатты кездесу «дөңгелек үстел» форматында өтеді.

Қала әкімі үздік ұстаздарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамоталары мен марапаттарын тапсырады. Мұғалімдер концерттік бағдарлама мен шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұсынады.

Өтетін жері мен уақыты: Қабылдау үйі, Құрманғазы 44, сағат 15.00.

Ақпарат көзі: almaty.gov.kz

Дайындаған: Шаттық Қали 

Сурет: qamshy.kz

М. Оңғарова