Жапонияда қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

Жапонияда қазақ тілін оқытатын сынып ашылды

Жапон елінің Саппоро қаласында орналасқан «Хоккайдо Университетінде» 2014 жылдың сәуір айынан бастап «қазақ тілі» сыныбы ашылды, – деп хабарлайды massaget.kz. Сыныпта он студент жапон-қазақ тілінде басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы және хрестоматиясы» атты кітаппен білім алуда. Кітаптың авторы Токио университетінің филология ғылымдарының докторы – Накажима Ешитеру (中嶋善輝).  

Ал жапониялық студенттерге қазақ тілін жапон тілімен салыстыра білім беріп жатқан ұстаз – Хоккайдо университетінің «Хат мектебі» факультетінің оқытушысы Цумагари Тоширо.

 

Қазақ тілі сыныбына тек кириллицада оқи алатын студенттер ғана қабылданған болатын. Ең бірінші күннен бастап жапондық студенттер қазақша қаріп танып, жазу жазды. Жапон және қазақ тілінің грамматикасы ұқсас болғандықтан, Цумагари Тоширо сенсей екі тілдің грамматикалық ұқсастықтарына тоқталып, кейін қазақ тілінде сөйлемдер оқытып, артынша жаздырды. Бастапқы кездері жапон студенттерге сөздерді дұрыс айту қиын болғанымен, біраз уақыт өткен соң нағыз қазақтар сияқты сөйлей бастады.

Арнайы Massaget.kz үшін Жапониядан: Әсемгүл Жұмажанова 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Әсемгүл Жұмажанова 

Қ. Бүйенбай