- Негізгі бет
- Куәгер көзімен
- Бірінші дүниежүзілік соғыс...
Бірінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды?
Бірнеше континентті дүрліктірген сұрапыл соғыстың қоғамға көрсеткен қатаңдығын суреттеудің өзі күрделі. Бұл национализм мен империализмнің бір-біріне бетпе-бет келген кезі болатын. Бірнеше ондаған елдерді өзіне қамтыған бірінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды? Оған түрткі болған негізгі себептерді білеміз бе?
Серб студенті Гаврило Принциптің Австрия-Венгрия тағының мұрагері Франц Фердинандты өлтіруі соғысқа негізгі себеп болған деседі. Дегенмен, студенттің қылмыстық әрекеті алпауыт елдердің ашуына әкеп соғуы ақылға қонымсыз. Егер Австрия өз мұрагерінен айырылғанына кек алғысы келгенде, Сербияны түбімен жойып тастаған болар еді. Студенттің бар болғаны экономикалық дағдарыстан шығу жолын іздегенін білеміз. Бұл жерде біз білмейтін өзге де факторлар бар болған ...
ХХ ғасырдың басында әлемді өз иеліктеріне бөліп алу, яғни отарлау саясаты жалғасып жатқан кез болатын. Әрине, жер дауы еш бір тарихи кезеңде шешімін оңайлықпен таппаған. Осы орайда, 1871 жылы Отто фон Бисмарк басшылығымен немістер Францияны ойсырата жеңіп, тарихи дилемма болған Саар территориялық аймағын өз еншісіне енгізеді. Осыдан кейін, дүниежүзілік соғыстың сарыны жақындай түскенін көреміз. Ал Франция ұлттық қараббеттікпен көпке дейін шыдай алмайды. Біз білген кезектегі реванштың жоспары Сараевада болған оқиғадан алдын басталғанын моарльді тұрғыдан білуге болады.
Еуропа елдері өздігінен екі топқа іріктеле бастайды. Бір жағы Франция жақтастары болса, тағы бір жағы Бисмарктың үкіметін жалғастырушыларды қолдайтындар еді. Англия Франция жағында, ал Австрия-Венгрия Германияның одақтасы болды. Соғыстың жоспары ХІХ ғасырда талқылана бастағанын, біз 1881 жылы Автсрия королі Александр Обреновичтің Австрияның әскери конвенциясында құпия шешім қабылдағанынан біле аламыз. Ол сол кезде Германияның одағына айналып үлгерген болатын. 1903 жылы мамырдың 28-нен 29-на қараған түні «Қара қол» (оңтүстік славяндардың құпия ұйымы) ұйымына қатысы бар офицерлер құрамы сарайға шабуыл жасап, король Александр мен оның жақын туыстарын өлтіріп кетеді. Дегенмен, «бұл әрекеттің арқасында француздар тұр» деген сыбыс тарап, соғыстан одан әрі жақындағанын әрбір Еуропа тұрғыны сезе бастаған еді. «Қара қолдың» мақсаты славян ұлттарын біріктіру еді.
Ендеше бізде осы қақтығыстан кейін соғыстың басталуына ықпал еткен, тізбектелген оқиғалар реті қалыптасты:
Франц Фердинандтың өлімінен кейін Сербияға қойылған ультиматумның орындалмауы, Австрия-Венгрияның Сербияға қарсы соғысының себебіне айналады.
Сербиямен одақтық келісімі болған Ресей де жаппай қарулану операциясын бастап жібереді.
Сербияның қорғанысын қамтамасыз етуді ұйғарған орыс патшылығын Австрия өзіне қарсы соғыстың ашылғаны деп біліп, кіші арпалысқа Германияны да тартады. Сол жылдың 1 тамызында Ресей соғысқа кіріседі.
Ресеймен Германияға қарсы одағы болған Франция да кенде қалуды оң көрмейді. Ол да Германияға тікелей болмаса да, Австрияға қарсы соғыс ашады. Осы кездері бұрыннан келе жатқан парадокстың ашылмаған жақтары енді көріне бастаған болатын. 3 тамыз күні соғыс алаңына француздардың да енгенін есіткен Германия, лезде Парижді алу мақсатында бейтарап Бельгияның территориясына оккупациялық режиммен кіреді.
Ал Ұлыбританияның көзқарасы немістердің саясатына қарсы келгендіктен, оған қоса, Бельгия королінің әскери көмек сұрауын негізгі сылтау етіп алған ағылшындар 4 тамыз күні Германияға ашық соғыс ашады.
Британдық ақсүйектердің соғысқа қосылғанынан кейін, оның әр құрлықтағы доминиондары (отарлары) әскери және қаржылық көмек көрсету ұсыныстарын жібере бастайды. Олардың қатарында Аустралия, Канада, Үндістан, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка одағы бар болатын.
Кез-келген соғыстың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен тарап көптеген территориялық аймаққа қол жеткізетінін айта кеткен жөн. Сол себепті, бұл соғысқа АҚШ-та қосылғысы келген еді. Дегенмен, қай тараптың басым келетінін алдын ала біле алмай, басында бейтарап жақта қалғанды дұрыс көреді. Ал сосын соғыстың басымдылығы айқын көріне бастағанда ғана, 1917 жылы АҚШ президенті Вудро Вильсонның алаңға ту тігуге мүмкіндік алғысы келгегін тарих беттерінен білеміз.
Ұлыбританиямен доминиондық келісімі бар Жапония соғыс басталған жылдың 23 тамызында Германияға қарсы соғыс ашқанын жариялайды. Ал екі күн өте Азияның жолбарысына қарсы Австрия-Венгрия соғыс ашады.
Еуропа атласының орталығында орналасқан одақтас екі үлкен державаның бірі батыс фронтта, ал екіншісі шығыс фронтта соғыс жүргізуді жоспарлайды. Ал одақтас болғысы келген Италия Германия мен Австрияның аралығында орын тепкендіктен, соғыстың қорғаныс жоспарын жүргізгенде ғана қосылатынын білдірген еді. Дегенмен, 1915 жылы мамыр айында Италия өз жақтастарына қарсы соғысқа кірісе кетеді.
Шығыс фронттағы Ресей шебінің әлсіреуі есебінен патша үкіметі қазақ даласынан да әскер жасақтауды ұйғарып, тек армияның қара жұмысына деген бұйрықпен 1916 ж. маусымның 25 күні Түркістан өлкесінің және Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөнінде жарлық шығарады. Аталған жарлық Қазақстан территориясында ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына түрткі болады.
Саяси тарихтың шахматтағы жүрістеріне қарайтын болсақ, соғыстың болуын дерлік барлық держава қалап отырған. Себебі әлемді отарлау үдерісі кезінде, алпауыт елдердің бір-бірімен тіке тіресе қалған кездері көп болған. Айта кетсек, Шығыс Африка және Оңтүстік шығыс Азияны жаулап алу кезінде Германия мен Англияның тайталасы, ал негізгі қарсыластар Германия мен Францияның өзіндік жер дауы бар еді. Көмір және темір рудаларына бай Эльзас пен Лотарингия жерлері екі жаққа да ортақ тарихи-географиялық аумақ болғандықтан, үнемі соғыстың себебіне айналып отырған. Наполеонның өзі екі рет ол жерлерді меншіктегенімен, Бисмарк қайтарып алуға қол жеткізген. Француздар шекаралас аймақтағы аталған жерлерді әлі де өз иелігіне алғысы келеді. Себебі Саар тұрғындарының басым бөлігі француздар болып табылады.
Автор: Жолдас Өрісбаев
Сурет: azattiq.org
Ж. Өрісбай