Адамдар неге аптасына 2 күн демалады?

Адамдар неге аптасына 2 күн демалады?

ХХІ ғасырдың адамдары аптасына 2 күн демалады. ХІХ ғасырда мүлдем демалыс болмаған көрінеді. Ал ХХ ғасырдың басында өндірісте жұмыс істейтіндер жарты күн ғана демалатын. Кейін бір күнге жетті. Десе де, қазіргі адам аптасына екі күнді – сенбі мен жексенбіні демалысқа арнауды қайдан шығарған?

Жалпы адамзат аптаның бір күнін демалысқа арнауды ертеден әдетке айналдырған. Отырықшы халықтар егін және диқаншылықпен айналысып, Құдай демалған бір күнді – жексенбіні демалысқа, құлшылық етуге арнаған. Кейін индустриалды революция басталып, Еуропада өндіріс ошақтары ашылып, адамдар жаппай зауыт пен фабрикаға жұмысқа орналаса бастады. Зауыт әкімшілігі Құдайға құлшылық ететін күнді жұмысшыларына демалыс етіп берген екен.

Алайда өндірістен шаршаған жұмысшылар бұл күнді құлшылыққа емес, көңіл-көтеруге арнап, "тойлатып кетеді" екен. Содан бірі "бас ауырып", бірі ауруханаға түсіп, тағы бірінің жұмыс істеуге зауқы соқпай, жұмысқа келмей қалатыны жиілеген.

Зауыт басшылары басында не істерін білмей, жұмысшылармен түрлі келісімге келуге тырысты. Бірі сенбінің жарты күнін демалыс етіп берсе, енді бірі жұмысқа уақытында келгені үшін сыйақы берген көрінеді. Сонда да мәселе шешілмесе керек.

Содан 1908 жылы Америкадағы фабрика еврейлердің сенбі күнгі мерекесіне құрмет білдіру үшін жұмысшыларға сенбіні де демалыс етіп береді. Мұны көрген Еуропа кәсіпкерлері де жұмысшыларына 2 күн қатарынан демалыс беруге мәжбүр болады.

Бескүндік жұмыс күні мен екікүндік демалыс қазір бүкіл әлемде заңдылыққа айналған демалу режимі. Бірақ демалыс күні кей елде әртүрлі болуы  мүмкін.

Қазақстанда бескүндік жұмыс аптасы 1967 жылы келген. Кеңес одағы жұмысшыларының жұмыс уақыты 1 күнде 8 сағат, бір аптада 48 сағаттан аспаған.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар