Ғарышта жүріп президент сайлауында дауыс беруге бола ма?

Ғарышта жүріп президент сайлауында дауыс беруге бола ма?
Фото: factourism.com

Президент сайлауында әр адамның  дауысы маңызды. Ел азаматтары шетелде жүрсе де, елшілікке барып дауыс беріп жатады. Ал дауыс беруші азамат Жерде емес, ғарышта болса ше? 

1997 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауы тарихта қалды. Өйткені америкалық ғарышкер Дэвид Вулф Халықаралық ғарыш станциясында отырып дауыс берді. Содан бері ғарышқа ұшқан астронавттар ешбір президент сайлауынан қалыс қалған емес. 

Бір қызығы, Америка ғарышкерлерінің дауысы Техас штатында тіркеледі. Себебі осы штатта ғарыш орталығы бар, ал ғарышкерлердің басым бөлігі жақын жердегі Хьюстонда тұрады.

АҚШ ғарышкерлері NASA жасаған, қатаң қорғалған электрон пошта арқылы дауыс береді. Ал дауыс беру қағазында олар мекен-жайын "Жер орбитасы" деп көрсетеді екен.

А. Рысдәулет