- Негізгі бет
- Тарих
- Мысырдан 2500 жыл...
Мысырдан 2500 жыл бұрын көмілген саркофаг табылды
Египеттің Гиза қаласындағы Саккара қорымынан бірінші рет мумиялар жерленген саркофагтар табылды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жер мысыр ақсүйектері мен абыздары жерленген жер болса керек, өйткені қабір іші сән-салтанатпен, жоралғымен көміліп, адам сүйектері мумияланып қойылған.
Daily Mail басылымының хабарлауынша, Саккара қорымынан табылған ағаш табыттардың саны – 59. Табыттың сыртына қанық суреттер салынған. Мумияланған табыттың ішінен адам мәйітін ораған мата табылды. Матаға иерогрифтер жазылған екен.
Қыркүйек айында ғалымдар бұл қорымнан 14 саркофаг тапқан еді. Алайда қорымның арғы жағынан тағы екі шахта табылып, табыттың саны 59-ға жетті. Оның 40-ы қазір сыртқа шығарылды. Қалғандары Үлкен Мысыр мұражайына қойылмақ. Саркофагтар осыдан 2500 жыл бұрын көмілген.
Қабірдің ішінен Нефертума құдайының бағалы тастармен көмкерілген қола мүсіні, Птах-Сокер құдайының 27 мүсіні табылды.
Қ. Слямбек