- Негізгі бет
- Тарих
- Қытайдан көшкен қазақтар...
Қытайдан көшкен қазақтар жайлы ағылшын кітабы қазақ тіліне аударылды
1954 жылы британиялық журналист Годфри Лайас Түркияда Қытайдан келген қазақ азаматтарымен жолығып, олардың әңгімесін жазып алған. Қалыбек, Хасан, Құсайын тәйжі, Хамза, Қарамолда сияқты қазақтардың Шыңжаңнан Түркияға жеткен азапты жолы британ жазушысына кітап жазуға себеп болған. Осылайша, 1956 жылы Годфри Лайастың Лондонда «Kazak exodus» атты кітабы жарық көрді. Бұл кітапта Шыңжаңда Қытай коммунистеріне қарсы күрес жүргізген қазақтардың өз жерлерін тастап, Үндістанға, одан әрі Түркияға жеткен жолдағы қиындыққа толы оқиғалары жазылған. Қазақ халқы үшін аса құнды шығарманың жарыққа шыққанына 63 жыл өтсе де, ол әлі қазақ тіліне аударылмаған еді. 2018 жылы баспагер Бақытжан Бұқарбай бұл істі қолға алып, 2019 жылдың 15 қаңтарында кітапты қалың оқырманға қазақ және орыс тілінде ұсынды. Жария қылуға әбден жарайтын бұл жаңалықты видео форматында беруді жөн көрдік.
А. Қажиев