- Негізгі бет
- Тарих
- Ел билеген әйелдер...
Ел билеген әйелдер #4
Ғасырлар бойы адамзат баласы әлемді тұрғызатын, оны өзгертетін - тек қана еркектер және білектілер мен бөріктілер ғана көшбасшылыққа, билікке лайықты деп келді. Ал қоғам мен ғұрып ешбір әлеуметтік жағдайына қарамастан, күллі әйел қауымына екі ғана мақсат айқындап берген болатын: тұрмысқа шығу және өмірге ұрпақ әкелу.
Сонда да, нәзік жандыларымыз тарих беттерінен тыс қалған емес, олар өздерінің сұлулығымен және ақылымен әлемнің, жеке адамның, тұтастай бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете білді. Сонымен тарихта ел билеген әйелдер туралы мәліметке көз жүгіртсек.
Орта ғасыр
– Джамадеви —Харипунджай (Тайланд) патшалығының алғашқы билеушісі (шамамен 750 ж.).
– Дана Вероника — Византия императоры. Уақытша билік құрған (?–? ж.ж.).
– Кенза — Идрис мемлекетінің негізін салған Идрис I әйелі. Ұлы Идрис II таққа отырғанша ел басқарған (791–? ж.ж.).
– Феодора (815–867 ж.ж.) — Византия императоры Феофил әйелі. Уақытша билік құрған (842–856 ж.ж.).
– Шихикеницин — Төлтектер ханшайымы (829–883 ж.ж.).
– Иштакальцин — Төлтектер ханшайымы (883–885 ж.ж.).
– Чинсон — Силла патшайымы (887–897 ж.ж.).
– Этельфледа —Мерсия патшасы Этельред II әйелі. Жұбайы өмірден озғаннан кейін тұтас елдің билеушісіне айналған (911–918 ж.ж.).
– Эльфвина — Мерсия патшайымы (918 ж.).
– Зоя Карбонопсина — Византия императоры Лев VI әйелі. Ұлы Константина VIII жас кезінде уақытша елге билік еткен (914–919 ж.ж.).
– Лотарингтік Берта (шамамен 925 жылы өмірден озған) — Тоскана билеушісі Адальберт II әйелі. Ұлы Гвидо алдында ел билейді (915–916 ж.ж.).
– Чехиялық Людмила (шамамен 860–921 ж.ж.) — Чех князі Борживой I әйелі. Немересі Вацлав сәби кезінде уақытша ел басқарған (921–? ж.ж.).
– Драгомира (877/890–934 ж.ж.) — Чех князі Вратислав I әйелі, ұлы Вацлав сәби кезінде уақытша ел басқарған (921–922 ж.ж.).
– Андрегота Галиндес (шамамен 900–972 ж.ж.) — Арагон ханшайымы (922–943 ж.ж.).
– Люксембургтік Лиутгарда (965/970–1005 ж.ж.) — Батыс Фрисландияның билеушісі.
– Ольга (?—969 ж.ж.) — Киев Русі билеушісі. Ұлы Святослав ержеткенше ел билеген (945–960 ж.ж.).
– Шри Ишана Тунггавиджайя — Матарам (Индонезия) патшайымы ( 947–960 ж.ж.).
– Химена — Наварра ханшайымы, патша Гарсия II Санчестің әйелі. Ұлы Санчо III таққа отырғанға дейін уақытша билік жүргізген (985 ж.).
– Зоя (978–1050 ж.ж.) — Византия императоры (1042 ж.).
– Дидда — Кашмир билеушісі (980–1003 ж.ж.).
– Феодора (984–1056 ж.ж.) — Византия императоры (1042, 1055–1056 ж.ж.).
– Киевтік Анна — Францияның консорт-ханшайымы (шамамен 1025/1032/1036–1075/1089 ж.ж.).
– Леондық Тереза —Португалия ханшайымы (1080–1130 ж.ж.).
– Уррака (1081–1126 ж.ж.) — Испания императоры. Леон, Кастилия және Галисия ханшайымы (1109 ж.).
– Иерусалимдік Мелисенда (шамамен 1101—1161 ж.ж.) — Иерусалим патшайымы (1131–1153 ж.ж.).
– Матильда (1102–1167 ж.ж.) — Англия ханшайымы (1141–1141 ж.ж.).
– Шампандық Адель — Францияның консорт-ханшайымы (1140–1206 ж.ж.).
– Стефанья де Милли — Трансиорданиялық леди (1145/1155–1197 ж.ж.).
– Тамара (1165–1209/1213 ж.ж.) — Грузия билеушісі (1184 ж.).
– Иерусалимдік Изабелла (1172–1205 ж.ж.) — Иерусалим патшайымы (1192–1205 ж.ж.), Кипр билеушісі (1198–1205 ж.ж.).
– Иоланда де Эно (1175–1219 ж.ж.) — Латин империясының императоры (1217–1219 ж.ж.).
– Беренгария (1180–1246 ж.ж.) — Кастилия патшайымы, Леонның консорт-ханшайымы (1217 ж.).
– Армяндық Алиса — Торондық леди, Трансиордания ледиі (1182–1234 ж.ж.).
– Кастилиялық Бланка — Францияның консорт-ханшайымы (1188–1252 ж.ж.).
– Иерусалимдік Мария (1192–1212 ж.ж.) — Иерусалим патшайымы (1205—1212 ж.ж.).
– Иерусалимдік Иоланта (Иерусалимдік Изабелла II) (1211–1228 ж.ж.) — Иерусалим патшайымы, Қасиетті Рим империясының консорт-ханшайымы, Сицилияның консорт-ханшайымы (1212 ж.).
– Русудан (1194–1245 ж.ж.) — Грузия ханшайымы (1223 ж.).
– Антиохиялық Мария — Торондық леди (1215–1257 ж.ж.).
– Жанна де Даммартен — Омаль патшайымы, Понтье билеушісі (1220–1279 ж.ж.).
– Раззия — Дели султандығының билеушісі (1236–1240 ж.ж.).
– Дорегене — Монғол империясының хатуны, уақытша билік құрған (1242–1246 ж.ж.).
– Ұлы Феодора Комнина (1253–1285 ж.ж.) — Трапезун императоры (1284–1285 ж.ж.).
Жалғасы бар ...
Ж. Өрісбай