Бүгінге дейін 2000-нан астам атом бомбасы сынақтан өткізілген (видео)

Бүгінге дейін 2000-нан астам атом бомбасы сынақтан өткізілген (видео)
Фото: www.adbra.ru

Ядролық қарудың қолданылуына қатысты сөз болғанда ойымызға бірден Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалалары келері сөзсіз. Одан бөлек, Чернобыль мен Фукусима атом электр станцияларының жарылуы адамзатқа қаншама қайғы-қасірет алып келгені белгілі. Адам өмірі мен табиғаттың жанашырлары радиациялық аймақтардың қауіпті екенін алға тартып, шара қолдануды сұрауда. 

Расында аталған аймақтар бүкіл әлемде орын алған атом бомбаларының жарылысымен салыстырғанда теңізге түскен тамшымен тең. Оның басым бөлігі сынақ тәртібінде орындалғаны белгілі. Әлемнің ядролық державалары саяси тепе-теңдікті сақтау үшін ядролық қаруға ие болуды жөн көрді. Сондай-ақ, 1970-жылдары қырғи-қабақ соғыстың ушығуына да ядролық қару себеп болған.

Осындай мақсатпен АҚШ, КСРО, Ұлыбритания және Франция елдері бірнеше жыл бойы белгілі бір аймақтарда жарылыс сынақтарын жүргізеді. Жоғарыдағы видеодан атом жарылысының 1945 жылы басталып, XX ғасырдың соңына дейін жалғасын тапқанын көруге болады. Кейіннен державалар қатарына Қытай мен Үндістан қосылады. Ал соңғы атом тәжірибесін Пәкістан мен Солтүстік Корея елдері жүргізіпті. Сандық мәлімет 1945-1998 жылдар аралығында 2000-нан астам жарылыстың орын алғанын көрсетеді. 

Ұқсас жазбалар: 

Әлемдегі ең алғашқы ядролық жарылыс туралы білесіз бе?

Хиросима мен Нагасаки: Қолдан жасалған апат

Ж. Өрісбай