Америка штаттары атауларының шығу тарихы

Америка штаттары атауларының шығу тарихы

Жер көлемі бойынша дүние жүзінде төртінші орынды алатын АҚШ-тың құрамына елу штат кіретіні белгілі. Штат атауларын толық жатқа біле қоймасақ та, кей-кейде ғаламтор ресурстарынан немесе ақпарат легінен көріп жатамыз. Ал сол атаулардың шығу тегіне қызығушылық танытып көрдіңіз бе? Бір қызығы олардың басым бөлігі жергілікті үндістердің тілінен алынған екен. Ендеше осы сынды ақпаратты қажет деп білсеңіз, топонимикалық ақпаратты шолуға кеңес береміз.

♦ Алабама (Alabama)

Бұл атаудың этимологиясы толығымен зерттелмеген. Дегенмен, кейбір деректерде Солтүстік Американы мекен еткен үндістердің холлер тайпасы тілінен шыққан және "тайпалар қаласы" деген ұғымды білдіреді.

♦ Аляска (Alaska)

Алеут тіліндегі "Alakshak" сөзінің орысша атауы. Оның "Ұлы жерлер" және "түбек" сынды екі түрлі мағынаға ие.

♦ Аризона (Arisona)

Ацтектердің "Arizuma" сөзінің испанша атауы. Мағынасы - "қолдағы күміс".

♦ Арканзас (Arkansas)

АҚШ-тың оңтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүрген Сиу үндістерінің "Acansa" сөзінің французша баламасы. Ал оның мағынасы "Ағыстың төмен жағындағы мекен" деген ұғымды білдіреді.

♦ Калифорния (California)

Сөз орта ғасырдағы испан конкискадорларынан (конкискадор - жаулап алушы) бастау алады. 1510 жылы жазылған "Las Serges de Esplandian" романында Калифорния деп аталған жұмақ аралы суреттеледі.

♦ Колорадо (Colorado)

Сөздің шығу тегі испан тілінде болып, "қызылмен боялған" дегенді білдіреді.

♦ Коннектикут (Connecticut)

Аты белгісіз үндіс тайпасының тіліндегі "Quinnehtukqut" ("толассыған өзен жағасында") сөзінен негіз алған.

♦ Делавэр (Delaware)

Штаттың аумағындағы өзен мен портты қала солай аталған. 1610 жылы Вирджиния штатының губернаторы болған сэр Томас Уесттің (Lord De La Warr) құрметіне қойылған.

♦ Флорида (Florida)

Испандықтар 1513 жылы Пасха мейрамы кезінде жаңа штатқа осындай атау береді. Ал аудармасы - "гүлденген пасха".

♦ Джорджия (Georgia)

Ағылшын королі Георг ІІ құрметіне қойылған.

♦ Гавайи (Hawaii)

Жергілікті тұрғындар тіліндегі "Owhyhee", яғни "Отан" сөзінен келіп шыққан.

♦ Айдахо (Idaho)

Жергілікті үндістердің тілінен аударғанда "Таудың бағалы тасы" дегенді береді.

♦ Иллинойс (Illinois)

Алгонкин үндістерінің тіліндегі сөздің французша баламасы.  Ал оның семантикасы "жауынгерлер" немесе "үздік сарбаздар қауымы" деген мағына береді.

♦ Индиана (Indiana)

"Үндістердің жері" деген мағынаны беретін ойдан табылған сөз.

♦ Айова (Iowa)

Үндістердің Сиу тайпалық құрамына кіретін тайпаның атауы.

♦ Канзас (Kansas)

Сиу тайпасы тілдерінің "Оңтүстік жел адамдары" мағынасын беретін сөзі.

♦ Кентукки (Kentucky)

Бұл сөз әртүрлі үндіс тілдерінде кездеседі. Ирокез тайпасының Ken-tah-ten сөзінен алынып, "Болашақтың жері" деген ұғымды береді.

♦ Луизиана (Louisiana)

Француз королі Людовик XIV құрметіне берілген.

♦ Мэн (Maine)

Бұл көбіне ағылшынның "Main", яғни "негізгі" деген сөзінен келіп шыққан.

♦ Мэриленд (Maryland)

Ағылшын ханшайымы Мария-Генриетаның құрметіне қойылған.

♦ Массачусетс (Massachusetts)

Үндістердің алгонкин тайпасының сөзінен шыққан. Ауызша аудармада "Ұлы биікте" деген мағынаны береді.

♦ Мичиган (Michigan)

Үндістердің чиппе тайпасының тіліндегі "meicigama" (ұлы өзен немесе су) сөзінен келіп шыққан.

♦ Миннесота (Minnesota)

Сиу тобындағы Дакота тайпасының тілінен алынған. Мағынасы - "Аспанды қаптаған су".

♦ Миссисиппи (Mississippi)

Өзеннің аты үндістер тілінде "Misi-ziibi" болады. Оның французша баламасы - "Ұлы өзен".

♦ Миссури (Missouri)

Сиу үндістерінің тілінен алынған сөздің аудармасы "Үлкен каноеге арналған өзен" болады.

♦ Монтана (Montana)

Испан тілінің "таулы" деген сөзінен шыққан.

♦ Небраска (Nebraska)

Үндістердің Отос тайпасының тілінан аударғанда "ағысы баяу өзен"

♦ Невада (Nevada)

Этимологиясы испан тілінен шығып, "қармен жамылған" дегенді білдіреді.

♦ Нью-Гэмпшир (New Hamshire)

Ағылшынның Хэмпшир графтығының құрметіне берілген.

♦ Нью-Джерси (New Jersey)

Джерси аралының құрметіне қойылған.

♦ Нью-Мексико

Испанша Nuevo Mexico атауының ағылшынша баламасы болып табылады. АҚШ-тың оңтүстігіндегі Рио-Гранде өзенінің алқабындағы Мексика отары осылай аталған. Mexico — "Мекситли мекені" деген ұғымды беретін ацтектің сөзі. Мекситли үндіс мифологиясындағы құдайларды бірі болып келеді.

♦ Нью-Йорк (New York)

Ағылшындардың Йорк қаласының құрметіне аталған.

♦ Солтүстік/Оңтүстік Каролина (North/South Carolina)

Ағылшын королі Чарльза I-дің латынша лақаб атына берілген.

♦ Солтүстік/Оңтүстік Дакота (North/South Dakota)

Сиу тайпалырының тілінде "дос" деген мағына береді.

♦ Огайо (Ohio)

Икорез үндістерінің тілінде "қайырымды өзен" сөзінен шыққан.

♦ Оклахома (Oklahoma)

Чоктау үндістерінің тіркесіндегі "okla humma" (қызыл адамдар) сөздерінен шыққан.

♦ Орегон (Oregon)

Сөздің шығу тегі белгісіз.

♦ Пенсильвания (Pennsylvania)

Британдық отарлаушы Уильям Пеннің құрметіне аталған.

♦ Род-Айленд (Rhode Island)

Родос аралының ағылшынша атауы.

♦ Теннесси (Tennessee)

Чероки үндістерінің Tanasi ауылының құрметіне қойылған. Сонымен қатар, осылай аталатын өзен де бар.

♦ Техас (Texas)

"Достар" немесе "Одақтастар" деген мағына беретін Каддо үндістерінің тіліндегі сөз.

♦ Юта (Utah)

Апачи үндістерінің "yuttahih" (биік тұғыр) сөзінен келіп шыққан.

♦ Вермонт (Vermont)

Француздың Verd Mont, яғни "жасыл тау" деген сөзінен шыққан.

♦ Вирджиния (Virginia)

Ағылшынның virgin (пәк, таза) сөзінен бастау алады. Тарихта Елизаветы I ханшайымының өмірінің соңына дейін тұрмыс құрмай, пәктігін сақтап өткені туралы аңыз бар.

♦ Вашингтон (Washington)

АҚШ-тың тұңғыш президентінің құрметіне берілген.

♦ Висконсин (Wisconsin)

Чиппе үндістерінен тіліндегі "Ouisconsin" сөзінен келіп шыққан. Мағынасы - "жасыл жайлау".

♦ Вайоминг (Wyoming)

Жергілікті алгонкин тайпасының тілінен аударғанда "Үлкен шалғынды аймақ" дегенді білдіреді.

Сурет: azizam1314.blogspot.com

Оқи отырыңыз: 

Мұстафа Кемал Ататүрік – әлемдегі он ұлы көшбасшының бірі

Адамзаттың ғарышта жасаған 11 рекорды

Таяу шығыста табылған көне қоныс хеттердің мекені болуы мүмкін

Бірінші дүниежүзілік соғыс қалай басталды?

Ж. Өрісбай