Силикон алқабы туралы біле жүріңіз (Видео)

Силикон алқабы туралы біле жүріңіз (Видео)

Калифорниялық кәсіпкер Ральф Вэерст «Силикон алқабы» терминін алғаш қолданысқа енгізген. Оның "Electronic News" апталық газетінің тілшісі болып жұмыс істейтін Дон Хоефлер есімді досы «АҚШ-тағы Силикон алқабы» атты айдармен кәсіпкерлердің бизнестері туралы бірнеше мақалалар жазады. Содан кейін сексенінші жылдары IBM персоналды компьютер жасап шығарған кезде бұл термин белсенді түрде қолданысқа ене бастады. Оған дейін алқап Санта-Клара деп аталған. Силикон, яғни кремний деп аталуының басты себебі, ол компьютер өндірісіндегі (диод, транзистор, микросхема) негізгі шикізат көзі болды. 

Сол аймақта орналасқан Стэнфорд университеті алқаптың дамуына орасан зор үлес қосқан. Өткен ғасырдың 40-50-жылдары Стэнфорд ректоры Фредерик Термен арнайы бағыт ойластырады. ЖОО бітіруші әрбір түлек ең болмағанда бір инновациямен шығуы тиіс болған. Нақтырақ айтсақ, ректор әрбір бітірушіге компьютерлік технология саласында өзінің жеке компаниясын ашуға үгіттеді. Бүгінгі күні Терменді «Силикон алқабының атасы» деп атайды. 1955-85 жылдары Стэнфорд Ғылыми-Зерттеу Институты (қазір SRI International) негізгі төрт бағытта жұмыс істеді. Соның бірі қазіргі ғаламтордың бастауы болған ARPANET еді.

1970 жылдары электронды есептеу машинасын және жартылай өткізгіштерді дайындайтын ірілі-ұсақты компаниялар бой көтере бастады. Компьютерлік технология дамығаннан кейін IBM, Apple, HP, Dell, AMD және Microsoft секілді компаниялар осы алқапта топталып, оны компьютер өндірісінің орталығына айналдырады.

Google корпорациясының негізі қаланған гараж

Apple компаниясының негізі қаланған гараж

Amazon.com сайтының негізі қаланған гараж

Басында алқаптың экономикасын көтеріп тұрған "жартылай өткізгіштерді" дайындау болып табылғанымен, ғаламтор мен желінің дамуына байланысты "бағдарламалық қамту" басты бизнес көзі болып өзгереді. Ал NASA мен АҚШ-тың әскери-әуе күшінің қаржыландыруының арқасында Дуг Энджелбарт компьютерге арналған тышқанды (мышка, маус) ойлап табады.

ҒАЛАМТОР ЖАРЫЛЫСЫ

ХХ ғасырдың соңына қарай, ғаламтордың аймақтық желілері дамыған сайын, Силикон алқабының дамуы да үдей түседі. Осылай Google, Yandex және Yahoo, ал XXI ғасырда келіп, Facebook, Twitter және Youtube секілді ғаламтор бизнесімен айналысатын компаниялар бой көтереді.

Силикон алқабында негізі қаланған компаниялар:

Негізгі штаб-пәтері алқапта орналаспаған компаниялар:

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.siliconvalley.com

Ж. Өрісбай