Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

Дедукция сабақтары (1-дәріс)

Дедукция сабақтары (1-дәріс)

– Алло, мистер Шерлок Холмс? Көмектесіңіз! Менің жұбайым өз-өзіне қол жұмсады. Өлер алдында хат жазып қалдырған.

– Қазір, мен бара жатырмын. Қай жерде тұрасыз?

– Беверли-Хилл көшесі, 47-үй. Қайғылы оқиғаның куәсі – мен Сэм Фоссет.

Үш минуттан кейін оқиға болған жерге жеткен Холмс қайтыс болған кісінің күйеуіне сұрақ жаудырды.

Сэм Фоссеттің әйелі Гарвард университетінің түлегі екен. Қазір Калифорниядағы Стэнфорд университетінің ғылыми қызметкері, филолог.

– Мен қонақтарға арналған бөлмеде отырған едім. Тапанша оғының дауысы естілді. Эдиттің бөлмесіне жүгіріп келгенімде оның жан тәсілім еткенін көрдім. Ол төрдегі орындықта отырған күйі өмірден озыпты. Ал тапанша оның қасында еденде жатты. Үстелдің үстіне хат қалдырыпты.

Холмс хатты қолына алып, түгел қарап шығады. Хаттың сауатсыз әрі түсініксіздеу жазылғанын байқайды. Пунктуация ережелері де сақталмаған екен.

– Сэмуэл Фоссет, сіз өз жұбайын өлтірді деген күдікпен тұтқындалдыңыз. Енді оқиғаның қалай болғанын өзіңіз айтып беріңіз.

Құрметті оқырман, Шерлок Холмс бұл өзіне өзі қол жұмсау емес қылмыс екенін қалай анықтады? Өз дедукциялық ойыңызды пікір ретінде қалдыруыңызға болады.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.theguardian.com
Қосылған күні: 30 қазан 2015, 17:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.