- Негізгі бет
- Дедуктивті әдіс
- Дедукция теориясы туралы...
Дедукция теориясы туралы не білесіз?
Дедукция (лат. deductio — шешім) — қолда бар фактілерді пайдаланып логикалық шешім шығаруға арналған ойлау әдісі. Әртүрлі пікірлердің басын біріктіріп, бір шешімге келуге екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Ғылыми аксиомалар мен қарапайым гипотезалар – дедукцияның бастауы. Мысалы, математика ілімінде аксиоманы теоремаға айналдыру үшін жеткілікті ғылыми дәйектемелер болу керек. Ол үшін ғалым логикалық ұтқырлығын көрсетіп, шешімін дәлелдеуі тиіс. Дедукция теориясының арқасында біздің заманымыздан бұрын дәлелденген Архимед заңы мен Пифагор теоремасы әлі маңыздылығын жойған емес. Математикадағы тұрақтылықты танытататын заңдар мен ережелер ғылымның консервативтілігін білдіреді.
Негізгі дәлелдемелердің жинағы дедукция деп аталады. Ал шешімді жоққа шығаратын дәйектемелер топтамасын индукция дейміз.
Шерлок Холмстың (Артур Конан Дойл шығармасының кейіпкері) ұтқыр логикасы әртүрлі қылмыстық істерді жылдам әшкере етуге көмектескен. Артур Конан Дойл өз кейіпкерін «дедуктивті ойлау қабілетінінің білгірі» деп суреттейді. Дегенмен қазіргі ғалымдар оның шешім шығару әдісін индуктивті әдіс дейді. Себебі Шерлок жалпыдан жеке фактілерге өтіп отырады. Ал бұл индукциялық ойлау әдісінің белгісі.
Қадірлі massaget.kz сайтының оқырмандары, біз бүгіннен бастап дедукция теориясы сабақтарын бастаймыз. Логикалық ойлау қабілетіңізді ұшқырлап, Шерлок Холмс сияқты ойлауға үйреніңіз.
Ж. Өрісбай