- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Амазониядан ең кішкене...
Амазониядан ең кішкене балықтың жаңа бір түрі табылды
Ғалымдар Амазониядан осыған дейін ғылымға белгісіз болып келген балықтың жаңа бір түрін тауып алды. Зерттеушілер оған Cyanogaster noctivaga деген ат беріп үлгерді. Бұл балық қазіргі кездегі әлемдегі ең кішкентай балықтың түрі саналып отыр. Оның ұзындығы 17,4 мм. Ол осыған дейінгі әлемдегі ең кішкентай саналып келген Paedocypris progenetica балығынан 7 мм-ге қысқа екен.
Cyanogaster noctivaga тек түнде ғана жорыққа шығады екен. Сондықтан да ол осы күнге дейін ғалымдардың назарына іліне алмай келген. Балықтың басты ерекшелігі - оның ерекше ашық түсі мен үлкен көздері болып отыр. Сондай-ақ оның үлкен ауызы мен өткір тістері де бар.
Cyanogaster noctivaga балығы британдық және бразилиялық ғалымдардың Рио-Негро өзеніне жасаған бірлескен экспедициясы барысында табылды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет